- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Бір миллион еуроға...
Бір миллион еуроға бағаланған туынды
Джанкарло Зема – қарапайым дүниелерге өзгеше өң беруді ұнататын италиялық өнертапқыш әрі сәулетші. Адамзат баласы табиғатпен үндесуі тиіс деген қағиданы ұстанған сәулетші бұл жобаға (үйіне) Water Nest 100 деген атау беріпті. Бұл атау "Су үстіндегі ұя" деген мағынаны білдіреді. "Еңбегіне қарай өнбегі" демекші, италиялық автордың су бетінде қалқып тұратын мына ғажайып туындысы бір миллион еуроға бағаланған екен.
Және бұл "су үстіндегі ұя" басқа үйлерден пішінімен ғана емес, құрылымымен де ерекше. Үй шатырда орналасқан жылу панельдері арқылы күн көзінен қуат алады. Сондай-ақ, сәулетші: "Едендердің астында және үйдің төбесінде кішкентай ауа өзкізгіштер орнатылған. Олар үйді таза ауамен қамтамасыз етеді. Және үй ішіндегі температураны бірқалыпты ұстап тұрады. Ал егер бұл ауа өткізгіштердің қуаты жетпесе, арнайы орнатылған жылу қондырғылары мен салқындатқыш іске қосылады", - дейді. Олай болса, бір миллион еуроға бағаланған үйдің ішін бірге аралап шығайық.
Қиялын өңіне айналдырған сәулетші Джанкарло Зема
Сурет: mixstuff.ru, c1.staticflickr.com
Е. Жұмабайұлы