Бірқатар адамдар полиандрияны, яни, бір әйелдің бірнеше адамға тұрмысқа шығуын ойдан шығарылған әзіл немесе жай ғана аңыз деп санайды. Мұны көпәйелділікке қарсы адамдардың кек ретінде ойлап тапқаны дейтіндер де жоқ емес. Алайда, дәл осындай жағдай Тибет, Үндістан, Шри-Ланка және Гималай аймақтарында шынында да бар болып шықты.
Сенбесеңіз, Тибет туралы оқып шығыңыз.
Мұндай модельдегі отбасылар Тибеттің алыс аймақтарындағы ауылдарда кездеседі. Қыз бір отбасындағы барлық бауырға бірдей тұрмысқа шығады да, солардың үйлеріне қоныс аударады. Күйеулерінің отбасында кішкентай бала бар болса, кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ол да ағаларының әйелімен некеге отырады. Сол себептен де, қалыңдық ретінде орта жастағы қыздар таңдап алынады екен.
Міне, қызық, отбасында ұл бала көп болған сайын, ол үйге барғысы келетін қыздардың қатары да көбейе түседі. Себебі, мұндай үйде береке болады деген ырым бар. Ата-ана ең жақсы қыздарын бір немесе екі ғана ұлы бар үйге бермейді.
Бұл отбасылардың тиімділігі – ешкімді бөлек шығарып, үйді бөлудің қажеті жоқ, керісінше шаңырақ жыл өткен сайын үлкейе береді.
Ал енді олардың өмірлеріндегі ережелер мен салт-дәстүрлер қалай болмақ деген сұрағыңызға жауап береміз.
Бәрі де көпәйелділікке қарама-қарсы. Мұнда күйеуі әйелінің көңілін табуы керек. Отбасындағы балалардың да әкелері ажыратылмайды. Кейбір отбасыларда үлкен ағасы балалардың әкесі болып танылады. Қысқасы, әкенің кім болуы маңызды емес. Баланың барлығы да бір әулетке тиесілі. Күйеулердің барлығы да отбасындағы балаларға алаламастан қамқор болады. Анаға да баланың әкесі маңызды емес, ол бәріне бірдей қарайды.
Отбасындағы бауырлар арасында қызғаныш деген сезім жоқ. Егер жігіт әйеліне ұнамай қалса, өзі кінәлі болады. Күйеуі бар күшін салып көңілін табуға тырысады. Басқа бауырлар оған көмектесуі керек. Әйелдің көңілін тапса, сынақ мерзімі жарияланады, әйел келіспесе, енесі келіп аяғына жығылады. Баласын аяуын сұрайды. Осындайда әйел енесін қорлап, жаман сөздер айтса да болады. Жасын сыйлап, кешірсе де болады.
Ал әйел "жоқ" деген сөзді айтса, ол жігіт үйінен кетуі керек. Екі ғана жол бар: монастырьға кету немесе жалдамалы жұмысшы болу. Оның ендігі өмірі жалғыздықпен нан табуға арналады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com