- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Биг-Бен сағаты тоқтатылуы...
Биг-Бен сағаты тоқтатылуы мүмкін
Ұлыбритания, Лондон деген сөздер құлаққа шалынысымен Биг-Бен ғимараты көз алдымызға келеді. Ғимарат ұзындығы — 96,3 метр. Циферблат диаметрі — 7 метр, сағат тілі ұзындығы — 2,7 метр және 4,2 метр. Ғимарат солтүстік-батысқа сәл иілген (8,66 дюйм не 22 сантиметр). Бір қызығы, қоңырау соғыс кезінде де соғып тұрған.
1976 жылы металл шаршағандықтан, тоғыз ай ішінде 26 күн Биг-Бен соғу механизмі қиынға соқты. 2005 жылы қазан айында жұмыс жасау жағдайын тексеру үшін екі күнге тоқтатылған болатын. Қазіргі кезде Ағылшын парламенті сағатты шұғыл түрде жөндеуден өткізу үшін 4 айға тоқтата тұру туралы мәселені талқылап жатыр.
Сағат механизмін қалпына келтіру шаруаларына 29,2 млн фунт стерлинг (2,7 млрд рубльге жуық) жұмсалады деп болжады. Парламент отырысында сағат тілдері ескіріп, жөндеуді қажет ететіні туралы баяндама оқылды. Ол кез келген уақытта құлап кетуі мүмкін деген болжам жасалған. Сағаттың бір тілінің салмағы 600 фунт (шамамен 300 келі).
Егер жоба жөндеу жұмысын қолға алатын болса, сағат ғимарат тарихындағы ең ұзақ жасайтын құрастырылым болмақ.
@. @assel_assanova