Жолымыз түсіп Өлгей қаласынан 30 шақырым жердегі Қобда өзені бойында отырған қазақ ауылына ат басын бұрдық. Сарқырап аққан өзен, тартылған желіге жағалай байланған бұзау, маңыраған қой... бәрі-бәрі ежелгі қазақтың тұрмысын көз алдыға көшіріп әкелгендей. Ақшаңқан киіз үйдегі қонақжай отағасы Қазақ елінен келген журналистермен ашық-жарқын әңгіме-дүкен құрып, ел жағдайын айтысып жатты. Ал, жеңгейлеріміз болса қызуы мол пештің үстінен қазанын бір түсірмей, сары қымызын сапырып отырды. Сәбилер алыстан келген қонаққа қызықтай қарап, аналарының қасынан бір елі қалмайды.
Баян-Өлгейден: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: Ерлік Ержанұлы