Ертең 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан бұл мерекеге биыл 22 жыл. Ал басқа елдер Конституциясын қай күні қабылдады екен, хабардар болайық.
Әзірбайжан Республикасының конституциясы 1995 жылы
12 қарашада қабылданды.
Андорра князьдігі 1993 жылы 2 ақпанда заңды қабылдады, 14 наурыз күні референдумда мақұлданды, 28 сәуір күні күшіне еніп, жарияланды.
14 наурыз күні Андорра Конституция күні болып жарияланды.
Армения 1995 жылы
5 шілдеде Конституциясын қабылдады.
Беларусь Республикасы осы кезге дейін 6 Конституциясы болған: 1918 (уақытша), 1919, 1927, 1937, 1978, 1994 жылдары. Соңғы Конституциясы 1994 жылы
14 наурызда қабылданған.
Дания алғаш конституциясын 1848 жылы қабылдады, 1953 жылы
5 маусымда референдумда мақұлданды.
Корея Республикасында Конституция күні – 1948 жылы
17 шілде.
Норвегия Конституциясын 1814 жылы
17 мамырда қабылдады.
Панама Республикасы 2004 жылы
1 наурызда соңғы заңын қабылдады.
Ресей Федерациясы 1993 жылы
12 желтоқсанда Конституциясын қабылдап, 25 желтоқсанда күшіне енгізді.
Сейшель аралдары 1993 жылы
18 маусымды Конституция күні деп белгіледі.
АҚШ Конституциясы 1787 жылы
17 қыркүйекте қабылданды.
Тәжікстан 1994 жылы
6 қарашада Конституциясын бекітті.
Украина 1996 жылы
28 маусымда Конституцияны бекітті.
Уругвайда 6 рет Контитуция қаблданды: 1830, 1917, 1934, 1942, 1951 жылдары және соңғысы 1967 жылы
18 шілде күні.
Жапония Конституция күнін 1947 жылдан бері
3 мамыр күні атап өтеді.
Түркия тарихында төрт рет Конституция қабылдаған. 1982 жылдан бері
7 қараша күнін Конституция меркесі деп біледі.
Қытай Халық Республикасы бес рет Конституция жасады. Соңғысы 2004 жылы 26 тамызда ұсынылып, 2005 жылы 10 маусымда расталды.