Жыл сайын қаңтар айының 17 жұлдызында "Балалар өнертабысы күні" аталып өтіледі. Ол Америка елінің танымал қоғам қайраткері Бенджамин Франклиннің туылған күнімен тұспа-түс келген.
1718 жылы 12 жасар Бенджамин теңіз жағалауына өзімен бірге тансық құрылғы алып келеді. Оның сырт пішімі балықтың жүзбеқанаттарына өте ұқсас. Сөйтіп Франклин суға жүзу кезінде достарынан әлдеқайда басым түсіп, жүзуге арналған ескеаяқтарды ойлап тапқан.
Франклин 15 жасында әлемді тағы бір құрылғымен қуантты. Ол тербелме-креслоны жасап шығарды. Өнертапқыш қарапайым креслоның аяғын доғалды ағаш аяққа ауыстырған.
"Балалар өнертабысы күнінің» Франклиннің туған күнімен сәйкес келуі - оның жастық шағымен байланысты.
1824 жылы 15 жастағы Луи Брайль көзі көрмейтін зәру жандарға арнап Брайль әрпін жасап шығарған. Ол - француз етікшісінің баласы. Брайль бір жасында әкесінің тігін апаратына түсіп, бес жасында көзі мүлдем көрмейді. Бірақ Луи өзі ойлап тапқан әріппен оқуды, жазуды үйренеді. Қазіргі таңда оның өнертабысын соқыр адамдар сауатын ашуға қолданып жүр.
Америкалық Фрэнк Эпперсон есімді азамат үш ұйықтасада түсіне кірмеген сусын ойлап тапқан. Ол қақаған аязда бір стақан лимонадты сыртқа қылдырып, жеміс мұздағы идеясына ие болады. Фрэнк ол кезде 11 жаста болатын. Халық оны «жеміс мұздағын» ойлап тапқан өнертапқыш ретінде таниды. Бірақ Фрэнк араға сан жыл салып қана 1923 жылы 18 жасында тоңазытылған лимонад фабрикасын ашқысы келеді. 1928 жылы ол өзінің патентін сатып, белгілі бір мерзім ішіне өзіне тиесілі қаржысын алып отырған.
1926 жылы Бенни Бенсон есімді жас бала өзі салған суретін "Аляска штатының мемлекеттік туы" байқауына жібереді. Сөйтіп кейініректе Америка елінің солтүстігінде орналасқан Аляска штатының туына Бенсонның суреті таңдалады.
Оқи отырыңыз:
Болашақта уақыт жоғалады
Үш адам шахмат ойнай ала ма?
Адамзаттың бар білімін бір қасық ДНҚ-да сақтауға болады
Ғалымдар пілге ұзын тұмсықтың не үшін керектігін анықтады
Сурет: vk