Аю мейрамханалардың бірінен қоқыс жәшігін ұрлап кетті

АҚШ-тың Колорода штатындағы неміс тағамдарын дайындайтын "Эдельвейс" мейрамханасынан аш аю тамақ қалдықтары салынған жәшікті ұрлап кетті, деп хабарлайды The Huffington Post. Оның бұл әрекетін ауладағы видеокамера түсіріп алған. Кейін оны мейрамхана қожайындары Интернетке салуды ұйғарыпты. Кадрда жануардың тапқан олжасын үлкен ептілікпен алып кеткендігі көрініп тұр.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/RgAjd-fxbBs","width":"450","height":"320"});

Аю басында қоқыс жәшігін өз бетімен ашуға тырысып көреді. Бірақ ол ойы іске аспағаннан соң ол оны камерадан аулақ жерге алып кетуді шешеді. Бір қызығы мейрамхана қызметкерлері аюдың келесі күні де қайта келіп, басқа бір жәшікті алып кеткендігін айтқан. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/f6WWyxK_OaU#at","width":"450","height":"320"});

  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: youtube.com-нан алынған скриншот