- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ауыз су тапшылығы...
Ауыз су тапшылығы – ХХІ ғасырдың он қатерінің бірі
Тұщы су тапшылығы - ХХІ ғасырдың он жаһандық қатерінің қатарына жатады. 2025 жылға қарай бұл мәселе алдыңғы қатардан орын алуы мүмкін деп болжануда.
Ресми деректерге сүйенсек, дүние жүзiндегi 1 миллиард адам iшуге жарамды суға зәру. Жыл сайын 3 миллиардтан астам адам сапасыз судың кесiрiнен пайда болатын дерттерден зардап шегедi. Бүгiнде су тапшылығы - тек орталық азиялық елдердiң ғана емес, бүкiл әлемнiң бас ауруына айналған мәселе.
Ауыз су - кез-келген тірі жан үшін ең қымбат және қалпына келтіре алмайтын табиғи қор. Бүгінде ауыз су тапшылығы Үндістан мен Африка көп елдеріндегі басты мәселелердің бірі. Cу тапшылығының салдарын төмендегі суреттерден де байқауға болады.
Үндістандағы Гуджарат штаты маңындағы елдімекен тұрғындары
Калькуттадағы ауыз су бұрқағы. Жергілікті халық мұнда су алып қана қоймай, ыдыс-аяқ та жуады.
Ганга өзенінен су алып қайтқан ер адам.
Мумбай маңындағы өзеннен ауыз су іздегендер.
Ахмедабадта су алуға кезекке тұрған әйелдер
Жаңбыр суын "жинаған" Мяньма тұрғындары
Үндістанның Асам штаты
Үнді елінің кедей тұрғындарының көкейін күнделікті су мәселесі мазалап әлек. Әр бір күнін: «су таппай қаламын ба?»-деген күмәнмен өткізеді.
Африкада ақаба суы да жанға талғажау.
Бағдат маңындағы ауыз су алатын орын.
Непал қалаларының біріндегі құдық
Дамаск (Сирия) маңындағы тұрғындар ауыз суды құдық қазып алады
Сана ауданындағы (Йемен) тұрғындар суды неғұрлым көп алуға тырысады. Себебі ауданда бір ғана ауыз су көзі бар.
Кениядағы ауыз су тапшылығы
Ауыз судан келген аурудан жер бетінде күніне бір адам қайтыс болады.
О. Сансызбай