Әлемнің ең сүйкімді әрі мейірімді балығы не десе, еске бірден дельфин оралары сөзсіз. Олардың өзге балықтардан ерекшелігі де – осы да. Олар туралы қызықты ақпараттарға қаныға отырыңыздар.
– Дельфиндер ешқашан жалғыз өмір сүрмейді.
– Жалпы әлемде теңіз дельфиндерінің 32 түрі және 4 өзен дельфиндері бар.
– Ежелгі Грекияда дельфин өлтіргендер ауыр жазаға тартылатын. Гректер оларды "әулие балық" деп атайтын болған әрі дельфин сөзі ежелгі грек тілінен алынған.
– Плиний, Геродот, Аристотель, Элиан секілді атақты философтар дельфиндердің аяушылығын, достығын және адамгершілігін сипаттаған.
– Түрлі дельфиндердің суреттері теңізден қашық орналасқан Иорданияның Петра қаласында да кездеседі.
– Дельфиндер тістерін тек құрбанын ұстап қалу үшін пайдаланады, алайда қорегін шайнауға қолданбайды. Себебі оларда жақ бұлшық еттері жоқ.
– Кейбір дельфиндер алпыс сөзді ажырата алады. Мұндай мөлшерді сөзден 2000-ға жуық сөйлем құрауға болады.
– Дельфиннің өкпесіндегі бір шай қасық су оны оп-оңай батырып жібереді.
– Дельфин шығарған ауа жылдамдығы сағатына 160 километрден асады.
– Дельфиндер адам сияқты қорегінің дәмін ажырата алады.
– Дельфиндер Жер шарының магнит өрісін жол ретінде қолдана алады. Сондықтан кейбір ғалымдар дельфин мекендеген жағалаулардың магниттік өрісі жоғары болу мүмкін екенін айтады.
– Кейде дельфиндер өздерінің тұмсықтарымен акулаларды да өлтіре алады.
– Ғалымдардың пайымдауынша, дельфин дауысын дұшпанын қорқыту үшін пайдаланады.