Әуе шарымен әлемге саяхат

Жүрек жұтқан жан жүздеген әуе шарымен Ла-Манш үстінен жүріп өтті. Ол алда Атлант мұхитын кесіп өтпек. 

Келесі жазда отыз сегіз жастағы Джонатан Трэйпп Атлант төбесін 365 үлкен әуе шарымен жүріп көрмек ниетте. Бүгінде жеке сайтын ашып, қайырымды жандардан қаржы жинау үстінде. 

170 мың долларын шар сатып алуға жұмсаған азаматтың Атлант асу арманы болып келеді. Алғаш 2010 жылдың мамырында Англиядан Бельгияға дейінгі аралықта гелий толтырылған шарлармен жүріп өтіп, даңқ пен дақпырттың астында қалып еді. 

Трэйптің бұл қадамы телеарналардан деректі фильм болып көрсетілмек.

* * *

Әуе шарымен әуеде жүру ұнай ма? Нені армандайсыз? 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rMiYEMK1im0","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

сурет: krutayatema.ru