Атлант және Үнді мұхиттары жайлы деректер

Атлант және Үнді мұхиттары жайлы деректер
Фото: yandex.kz

Атлант мұхиты — төрт мұхиттың ішіндегі ең қауіптісі. Көне замандарда Атлант мұхитын кесіп өту бейнет болатын, тәуелкелге бел буғандар ғана теңізге шығатын. Оның үстіне, саяхат көпке созылатын.

Ерекшелігі

- «Атлант» сөзі көне грек мифологиясындағы кейіпкердің есімінен шыққан.

- Атлант мұхитының ең терең жері 8740 метрге дейін жетеді.

- Атлант мұхиты – аумағы жағынан екінші мұхит. Бірінші орында – Тынық мұхиты.

- Дүниежүзінде ауланған балықтың 40 пайызы дәл осы Атлант мұхитынан әкелінеді.

- Атлант мұхитымен 100 мемлекет шектеседі.

- Дүниежүзіндегі ең ұзын Гольфстрим ағысы дәл осы Атлант мұхитының жағалауымен ағып өтеді.

- Мұхиттың аумағы жыл сайын 3-4 сантиметрге кеңеюде. Тектоникалық тақталардың бір орында тұрмайтыны белгілі.

- Атлант мұхитының толқыны адам таңқаларлық. Кейбірі 18 метрге дейін жетеді. Бұл бес қабатты үйдің биіктігімен бірдей.

- Атлант мұхиты – бай мұхит, тіршілік иесі көп. Мәселен, планктонның 240-ден астам түрі өмір сүреді.

- Мұхиттың оңтүстігі суықтау, су температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

- Тарихта Атлант мұхитын 4 рет әуе шары арқылы кесіп өтпек болған. Оның бірде-бірі қолдан келмеді.

- Осыдан 9 жыл бұрын Мексика жағалауында адамзат тарихында болмаған сұрапыл апат болды. Мұхит үстіндегі мұнай платформасы жарылып, экологиялық катастофаға айналды.

Үнді мұхиты

Үнді мұхиты – кішкентай мұхит. Тереңдігі мен аумағы жағынан үшінші орында. Бірақ фаунасы мен флорасы бай. Мұхиттың жасырып жатқан құпиясы мол. Аз зерттелген мұхит.

Ерекшелігі

- Төрт құрлықпен шектесіп жатыр.

- Жер шарындағы судың 20 пайызы Үнді мұхитына тиесілі.

- Мұхит ауданы Аустралия құрлығынан 9 есе үлкен.

- Бермунд ұшбұрышы (үштағаны) осы мұхитта орналасқан.

- Үнді мұхиты Тынық мұхитына қарағанда тыныш. Кейде дауыл тұруы мүмкін.

- Толқыны биік емес, 3 метрге дейін жетеді. Бірақ Аустралия жағалауында жатқан Дарвин мен Үндістанның Мумбай қаласы маңында 6-8 метрге дейін көтерілген кездері болған.

- Жағалауында 10 теңіз бар.

- Үнді мұхиты 135 млн жыл бұрын Гондвана құрлығы жарылып пайда болған.

- Мұхиттың суы түнде көкшіл түске енеді. Бұл планктонның жарығы.

- Үнді мұхитында акула көп. Акуладан жарақат алғандардың көбі де осы мұхитқа шыққандар.

- Мұхиттың астында үлкен тау жатыр. Оны ғалымдар жақында ғана тапты.

- Шығысында Тынық мұхитпен, батысында Атлант мұхитымен шектесіп жатыр.

Қ. Слямбек