- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Арманына жоқшылықтың арқасында...
Арманына жоқшылықтың арқасында жеткен қыз
Балалық шағыңызда қолыңызға қайшыны алып қағаз қиятын кездеріңіз есіңізде ме? Бұл ойынды бес жасар бала мен осы саланың маманы екі түрлі ойнайды. Швециялық қыз Фидели Сундквист (Fideli Sundqvist) осы салаға бала күнінен қызығып, өсе келе жоғары деңгейдегі туындыларды жасаған.
Дарынды қыз 1987 жылы Швецияның Уппсала қаласында дүниеге келген. Ол жастайынан сурет пен музыкаға қызығып өскен. Екеуіне де қызығушылығы бірдей болғандықтан, ата-анасы қай салаға икемдерінде көп ойланған. Алайда екі үйірмеге бірдей баруға ақшасы жетпейді. Кезінде көрген жоқшылықты Фидели осы күнге дейін еске алады. Өзі салған суреттерін пәтерлерінің тар бөлмесінде кептірген екен.
Осы жоқшылықтың арқасында қыз алға ұмтылып, өнер арқылы баюды көздейді. Бір күні мектепте оқып жүргенінде кітап қап керек болады. Оны сатып алуға мүмкіндіктері жоқ болғандықтан, қапты қолда бармен жасауына тура келеді. Оны еденге төсейтін линолеумнің көмегімен жасайды. Осылайша талпыныс бар жерде табыстың да бар екенін түсінеді.
Талпынысы зор бүлдіршін мектепті бітіре салысымен Стокгольмге көшіп барып, Nyckelviksskolan және Konstfack оқу орындарында білім алады. Екі оқуды аяқтаған соң дизайнер саласында өз қызметін бастайды. Қағаздардан сурет қырыққанды жақсы көретін қыз ендігі жолы сүйікті ісін біліммен үйлестіре отырып, жүзеге асыруда.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай