Аргентина ғалымдары елдің солтүстігіндегі Эль-Чако провинциясынан салмағы 30 тоннадан асатын метеорит тапты.
Аргентинада метеорит табылған ауданды жергілікті тұрғындар «аспан даласы» деп атайды. Астрономдар бұл аумақтың төрт мың жыл бұрын метеорит жаңбырына ұшырағанын айтады. 1576 жылы испан отарлаушылар жергілікті тайпалар өкілдерінің әңгімелерінен аспаннан тас жауғанын естіп, бұл жерден метеориттер тапқан. Ең үлкен метеорит Намибияда деп саналады. Оның салмағы – 60 тонна тартады.
Дереккөз: inform.kz