Әлемдегі ең ерекше көпірлердің бірі − Муринзель. Ол Австрия елінің Грац қаласында орналасқан. Көпірдің сыртқы дизайны шағын аралды еске түсіреді. Мұндай жобаны Американың танымал әрлеушісі Вито Аккончи жүзеге асырған.
Көпірдің платформасы екі аймаққа бөлінген: ашық және жабық. Оның бірінші платформасы әйнектен жасалған. Онда қазір жұртқа ыңғайлы кафе-бар орныққан. Ал екіншісінде ашық аспандағы амфитеатр табан тіреген. Осы екі аймақтың арасында кішкентай балаларға арналған ойын алаңы да бар. Мұнда бүлдіршіндер арқанға өрмелеп, батутпен секіріп, қызыққа батады.
Арал-көпір өзенде зәкірлер арқылы бекітілген. Оның ұзындығы – елу метр, ал жуандығы – жиырма метр. Құрылыс кезінде понтон, уақытша көпір краны секілді техникалар қолданылыпты.
Платформаға бір мезетте 350 адам оңай сыйып кетеді. Көпірден қалаға қарай адам еліктірер тамаша көрініс ашылады. Әсіресе, кеш түскенде көпірдің бойы жарыққа толығып, сумен шағылыса жалт-жұлт етіп ажарлана түседі.
Оқи отырыңыз:
Ұмытылған ұлт дәстүрлері
Суретші өмірінің 10 жылын үңгір қашауға жұмсады
Вила Велла – Испаниядағы ең көне қамалдың бірі
Қытайлық миллионер бұрынғы жерлестеріне тегін үй салып берді
Сурет: www.terra-z