Араб тілі – ең таза, ең бай тіл...

Бүгін, яғни 18 желтоқсан – Араб тілі күні. Осы орайда араб тіліне қатысты ең қызықты деген деректермен таныстыруды жөн көріп отырмыз.

Араб тілі қолданылу жағынан әлем бойынша бесінші орында тұр.

 

Араб тілі 26 елде ресми түрде мемлекеттік тіл деп танылған.

 

Әдеби араб тілі – жалғыз. Ол баспасөз бен теледидардың тілі саналады. 

 

Әдеби араб тілімен қатар, ауызекі тілде пайдаланылатын 5 диалектілік топ бар.

 

Ең кең таралған диалект – египеттік саналады.

 

Египет диалекті өте жеңіл әрі түсінікті, сол себепті көптеген елдер оқытушыларды Египеттен шақырады.

 

Араб тілі ең таза, ең бай тілдердің бірі. Мұны әлем мойындаған.

 

Егер араб тілін өзге тілге аударса, екі есе көп мәтін шығады.

 

Арабтар сөзді тура мәнде жұмсайды, оларда "бос" немесе түсініксіз сөздер жоқ.

 

Әлем филологтары араб мәтіндерінің тура аударуға келмейтіндігіне әлі де таңғалады.

 

Араб тілінде оңнан солға қарай жазылады.

 

Араб тілінде бас әріп деген жоқ, есімдер мен жер-су аттары да басқалардан ерекшеленіп жазылмайды.

 

Барлық тыныс белгілер төңкерілген түрде қойылады.

 

Араб тілінде барлық сөздер дауыссыз дыбыспен басталады.

 

Араб тілінде түйенің түрін, жынысын, жасын білдіретін 1000 сөз бар.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: lingvostudy.ru