Бүгін, яғни 18 желтоқсан – Араб тілі күні. Осы орайда араб тіліне қатысты ең қызықты деген деректермен таныстыруды жөн көріп отырмыз.
![]() | Араб тілі қолданылу жағынан әлем бойынша бесінші орында тұр. |
![]() | Араб тілі 26 елде ресми түрде мемлекеттік тіл деп танылған. |
![]() | Әдеби араб тілі – жалғыз. Ол баспасөз бен теледидардың тілі саналады. |
![]() | Әдеби араб тілімен қатар, ауызекі тілде пайдаланылатын 5 диалектілік топ бар. |
![]() | Ең кең таралған диалект – египеттік саналады. |
![]() | Египет диалекті өте жеңіл әрі түсінікті, сол себепті көптеген елдер оқытушыларды Египеттен шақырады. |
![]() | Араб тілі ең таза, ең бай тілдердің бірі. Мұны әлем мойындаған. |
![]() | Егер араб тілін өзге тілге аударса, екі есе көп мәтін шығады. |
![]() | Арабтар сөзді тура мәнде жұмсайды, оларда "бос" немесе түсініксіз сөздер жоқ. |
![]() | Әлем филологтары араб мәтіндерінің тура аударуға келмейтіндігіне әлі де таңғалады. |
![]() | Араб тілінде оңнан солға қарай жазылады. |
![]() | Араб тілінде бас әріп деген жоқ, есімдер мен жер-су аттары да басқалардан ерекшеленіп жазылмайды. |
![]() | Барлық тыныс белгілер төңкерілген түрде қойылады. |
![]() | Араб тілінде барлық сөздер дауыссыз дыбыспен басталады. |
![]() | Араб тілінде түйенің түрін, жынысын, жасын білдіретін 1000 сөз бар. |
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: lingvostudy.ru














