Аптаның үздік фотолары

Бүгінде сызу өнерінің көрмелеріне қарағанда фотокөрмелер реті артып бара жатыр. Оның негізі фотоның қоғамның басты қызығушылығына айналуында болу керек. Назарларыңызға фотожурналистиканың үздік үлгілерін сараптап, мардымына басып, іріктелген тобын ұсынамыз.

Ағаштың бұтағы

Рон Исаакс фин қайыңының бұтағын, оның бөлшектерін жейдеге жалғаудың есебінен ерекше туынды жасады. Жаңашыл суретші осындай туындыларының бірнеше нұсқасын мамыр айында Филадельфиядағы Snyderman-Works галереясында көрмеге қоймақ. 

От жарқылының биі

Дей күнтізбесі бойынша тойланып жатқан Жаңа жыл мейрамында адамдар түрлі-түсті киімге оранып билеу үстінде. Айта кететін жәйт, Қытайдың тек Юньнань провинциясының тұрғындары ғана тойлайтын Жаңа жыл 1,376 жылдан бері аталып келеді.

Мен тыңшымын

Сызу өнерінің 3D үлгісімен салынған үш тыңшының қабырғадағы бейнесі бір сынды меңзеп тұрғандай. Туындының авторы көшенің суретшісі Бэнкси (Ұлыбритания).

Шалдың гиперреалистік бейнесі

Он алты жастағы Шанайя Макдонаг соңғы төрт жыл бойы Ирландиядағы Texaco жасөспірімдер арасындағы өтілетін бейнелеу өнері сайысында біріншілікті бермей келген. Шанайяның бұл жылғы туындысы көпшілік қауымның қолдауын тапты. 


Ғарыштық кеңістік

Алып ғарышкердің сұлбасын желмен ісіріп, жиынның ортасына тастаған тұсы. Сәуір айының екі демалыс күндерін қамтитын,  АҚШ-тың ең ауқымды музыкалық фестивальдерінің бірі Coachella Valley Music & Arts Festival қарсаңында орын алған сюжет.

Айнадағы көркем өнер

Бруклиндік графикалық дизайнер Виктория Симер орман пейзажының алып рефлексивті бөлшектерін біріктіруге қол жеткізді. Оның жұмысы визуалды немесе эмоционалды көріністің бір бейнесін тұспалдап тұрғандай.

Алыс қашықтан алынған фото немесе Google Earth  пен  Graphic Information Systems (GIS) бағдарламалары арқылы түсірілген Канзас.

Фотографиялық суретші Мишка Геннер мына бір сурет секілді тапқыр фотоларды іздеумен жүреді. Ол абстрактті экспрессионизм сияқты үлкен көлемді жұмыстармен айналысады.

Маскарад

Үлгі – ерекше пішінді бетперде мен ашық жасалған макияж. Дубайда болған Madinat Jumeirah атты сән апталығынан алынған фототүсірілім.

Боди-арт

Әйел қуыршақтардың көмегімен жасалған алмағайып Маргаритка зымыраны. Бұл шебер туындының авторы Биргит Дикер өз туындысын Рейн өзенінің бойына орналастыруды жөн көріпті. Не себептен Рейн өзені екен? Ол бізге белгісіз ...

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.bbc.com