Адамзат баласы сұлулықты қоршаған ортадан үйренеді. Мысалы, Эдгар есімді армениялық дизайнер аруларға арналған көйлектерін гүлдермен көмкереді екен. Суретші парақтағы үлгіні тәжірибеге айналдыру қиынға соғатынын айтады.
Автор мұны жұмыс деп емес, өнер деп бағалайды екен. Бұл өнер дәлдік пен шеберлікті қажет ететіндігін де жасырмаған. Мына топтамадан көйлек үлгілерінің неше түрлі затпен бейнеленгенін көре аласыздар.