Лос-Анджелесте аспанға оқ атқан адамды полицейлер атып өлтірді, - деп жазады KTLA телеарнасы. Оқиға 24 шілдеде Студио-Сити ауданында болған.
Куәгерлердің айтуынша, аялдамада отырған ер адам кенет аспанға пистолетпен оқ ата бастаған. Қарудың дауысын естіп келген полицейлер онымен сөйлескісі келгенде ер адам қаруын соларға кезеген. Полицейлер оны сол жерде атып өлтірді. Оқиға кезінде аялдамада жас балалар мен әйелдер болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Луизиана штатындағы кинотеатрлардың бірінде Джон Рассел Хаузер есімді азамат екі адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған еді.