Орталық Айдахоның әдемі жұлдызды түнімен ерекшеленетін алпауыт жері Халықаралық түнгі аспан қорығы мәртебесіне ие болды. Халықаралық Dark-Sky Ассоциациясы халықаралық ұйымы Айдахо штатында 3 600 шаршы километр аумақты қорық ету шешімін қабылдады. Олардың таңдауына негізгі себеп болған АҚШ-тағы осы аймақта адамның өте аз қоныстануына орай кеңістіктік ластануға ұшырамай, таза сақталуы. Атқарушы директор Джордж Скотт Фейерабендтің айтуынша, қазіргі таңда даму қарқыны жағынан әлем елдерін шаңына жеткізбейтін Құрама Штаттарда таза түнгі аспанды көру өте қиын. Арнайы сараптама жұмыстарының нәтижесі Солтүстік Американың шамамен 80 пайызы ауа ластануы салдарынан түнгі ашық аспанды тамашалау мүмкіндігінен айырылған. Айдаходағы түнгі аспан қорығы мемлекеттің ең шалғай аймақтарын және негізінен АҚШ-тың орман қызметі басқаратын жерді қамтиды. Сондай-ақ, оның құрамына жабайы табиғаты сақталған Ұлттық Сотут қорығының аймағы енді. Халықаралық Dark-Sky Ассоциациясының ресми баспасөз хабарламасында жаңа қорықтың негізгі ерекшелігі оның зерттеушілер үшін де, қарапайым қонақтар үшін де сан түрлі мүмкіндіктердің болуы.Келушілер жұлдызды түнгі аспанның керемет сұлулығын көріп, қайталанбас сезімге бөленеді.