Әлемнің әртүрлі әдебі #2

Өзге елдің салт-жоралғысы бізге тым қызық көрінеді. Ал біздегі күйеу жігіттің аяқ киімін тығып қою сияқты салттар шетелге жат. Әлемде мұндай дәстүрдің түр-түрі бар. Олай болса, мына дәстүр-жоралғылармен танысып, таңғалыңыз.

Италия

Италиялық жанұяда аналары ұлдарды қатты еркелетеді екен. Сол себепті, ұлдар ер жеткенде аналарына өте жақын болып өседі. Үйленген кезде де жігіттер аналарына қонаққа келіп, тамақтанып, тіпті кір киімдерін жуғызып алады екен.

Грекия

Шаңырақта кімнің басшылық ететіні үйлену тойында белгілі болады. Той үстінде қыз жігіттің аяғынан басып қалады. Сол себепті олар сақтықта болғаны дұрыс. Егер қыздың аяғы жігіттің үстінде қалса, шаңырақты әйел басқарады екен.

Дания

Данияда отбасында біреудің туған күні болса, терезеден ел туын іліп қою – дәстүрге айналған. Сонымен қатар, туған күн иесін үстел үстіне шығарады. Үстел саны туған күн иесінің жасына сәйкес болуы тиіс және бақыт әкелсін деген ниетпен одан тағы бір артығын қояды.

Мысыр

Мысырда бұрын үйлену тойы үстінде түйені бүтіндей қуырып, оның ішіне піскен қой етін, қой етінің ішіне піскен тауық етін, оның ішіне балық етін, ал балықтың ішіне жұмыртқа салып, тұтастай әкеліп, дастарханға қойған екен.