Логотип – кәсіпорынның немесе мекеменің бет-жүзі іспеттес. Егер белгілі бір компанияның жасаған тауары немесе қызметі сапалы болса, логотипі сол компанияның мерейін үстем ете түседі. Заман келбеті өзгерген сайын адамдардың таным-түсінігі де өзгеріп отырады. Осы өзгерістерге сай бүкіл адамзаттың игілігіне айналған әйдік компаниялардың басты белгілері – логотиптері де түрленіп отырған. Мұндағы өзгеруді сол тауардың, сол компанияның сұлулыққа, қызмет өтеудегі мінсіздікке ұмтылуы деп бағалаған жөн болар.
IBM(International Business Machines) - есептеуіш техника мен бағдарламалық жүйелерді өңдеумен айналысатын аса ірі америкалық компания. Компания Нью-Йоркта 1911 жылы, маусымның 16-сы күні құрылған.
Nokia - коммуникация саласындағы ірі трансұлттық корпорация. Бас кеңсесі Финляндияның Эспоо қаласында орналасқан (Ел астанасы Хельсинкиге серіктес қала). Компания өзінің телефондары мен смартфондары арқасында кең танымал. 1865 жылы құрылған.
Motorola – телекоммуникация саласында және электронды жүйеде әлемдік көшбасшылардың бірі болған Америка компаниясы. 1928 жылы құрылған.
Apple Inc. – дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші америкалық корпорация. 1976 жылы құрылған.
Sony Corporation – 1946 жылы Жапонияда құрылған трансұлттық корпорация.
Microsoft Corporation – бағдарламалық қамсыздандыру өндірісінің және сервер мен жеке компьютерлер үшін интернет технологияларды құрушы және осы салада қызмет көрсететін АҚШ-та тіркелген көпұлтаралық компания. 1975 жылы құрылған.
Mozilla Firefox – еркін таратылатын веб браузер. Қолданылуы бойынша дүние жүзінде екінші орынды (2011 жылдың наурызында 29,98%), ал еркін бағдарламалық қамтама ішінде бірінші орынды алады. 2002 жылы қолданысқа енген.
Kodak – әлемге танымал фототехника және кинотауар өндіретін Америка компаниясы. 1881 жылы шаңырақ көтерген.
Adobe Systems – бағдарламалар шығаратын компания, штаб-пәтері Сан-Хоседе, Калифорния штатында орналасқан. 1982 жылы құрылған.
Би-би-си – Британ радиохабар бірлестігі. Негізі 1927 ж. қаланған. Орталығы Лондон қаласында.
Metro-Goldwyn-Mayer – Америкалық медиа корпорация. 1924 жылы құрылған.
“Playboy” – АҚШ-та жарық көретін ерлер журналы. 1953 жылдан бері шығады.
Pepsi - дүние жүзіне кең тараған сусындардың бірі (бұрынғы атауы Пепси-Кола). 1898 жылы шыққан.
Nike - спорт тауарларын өндіретін америкалық серiктестiк. Штаб-пәтер - Бивертон қаласында, Орегон штаты. Негізі 1964 жылы қаланған.
Nestle – әлем бойынша азық өндіруші швейцариялық компания. 1866 жылы құрылған.
Chevrolet - АҚШ-тық көлік маркасы. Белгі General Motors-қа тиеселі. 1911 жылы құрылған.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: marketo.com және u-we.com