Табиғаттың бір жаратылысы ағаш – өміріміздің бір бөлшегі, олар бізді оттегімен, тағаммен, баспанамен, жылумен қамтамасыз етіп отырады. Жер шарында ағаштың біз біле бермейтін 100 000 түрі бар. 100 000 түрдің ішінде "ең ерекше" дейтіндері де бар. Олай болса, тамашалап көрейік.
1. Баобаб
Баобабтардың отаны Мадагаскар саналады, олар Африкада және Аустралияда да кең таралған. Баобаб ағаштары Африка құрлығындағы өмірдің ең көне формасы болып табылады. Таңғажайып баобабтар немесе "маймыл ағаштары" 30 метр биіктікке дейін өседі.
2. Аждаһа ағашы
Аждаһа ағаштары Канар аралдарының біріндегі Икод-де-лос-Винос жерінде өседі. Мамандардың болжамы бойынша бұл ағаштың жасы 650-1500 аралығында. Нақты жасын анықтауда ағаштың бірде-бір діңгегінің жоқтығы қиындық тудырады. "Аждаһа ағашы" деген атауға ағаш жапырағын немесе тамырын кескенде шығатын қарамайдың арқасында ие болған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша ол қарамай – айдаһардың кеуіп қалған қаны. Қарамайды көптеген кеселдерге дәрі ретінде пайдаланады.
3. "Генерал Шерман" алып секвойясы
Калифорниядағы Сиерра-Невадада өсетін алып секвойялар көлемің жағынан ең үлкені болып саналады.Олардың арасындағы ең үлкені Секвойя саябағында өсетін "Генерал Шарман" ағашы. Салмағы – 6000 тонна, биіктігі – 83 метр, ал көлемі – 1,486 шаршы метр. Ағаштың жасы шамамен 2300-2700 де.
4. Пандо теректері
АҚШ-тағы Юта штатында өсетін Пандо көктерек ағаштарының тобы 100 акраны алып жатыр. Мұндағы барлық ағаштар бір-бірімен генетикалық жағынан тығыз байланыста. Пандо 47000 діңгектен тұрады, ал олардың барлығының салмағы 6600 тоннаны құрайды. Олар әлемдегі ең ауыр организмдер болып саналады. Ағаштардың орта жасы – 130 жас.
5. Туле ағашы
6. Баньян: Махабодха ағаштары
7. Өмір ағашы