- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Әлемдегі ең үлкен...
Әлемдегі ең үлкен орман алқаптары
Жердің пайда болуына кеткен алтын күн мен оған қосқандағы үш күн ішінде орман алқаптары пайда болды. Ормандардың пайда болуы тіршілік көзінің ең алғашқы қайнар бұлағы еді. Себебі жасыл желекке оранған дүниеге таза ауаны алмастырушы солар болды. Жердегі тіршілік орман алқаптарындағы жеміс-жидектермен қоректеніп өсіп-өнді. Дегенмен пайда болуы жағынан үлкен аумақты алып жатқан, мәңгілік жасыл желекке оранған орман алқаптары бар.
Синхарадж орманы. Шри-Ланка
Синхарадж жаңбырлы орманы – Шри-Ланканың оңтүстік-батысында орналасқан жауын-шашыны мол, ең үлкен орман алқабы. Орман 1978 жылы ЮНЕСКО-ның жариялауымен биосфералық орман ретінде тіркелген. Онда түрлі құстар, аңдар және жеміс-жидектер бар. Тіпті әлемде сирек кездесетін жәндіктер мен көбелектер де тіршілік етеді. Аталған орманның қазақша баламасы «аң патшасы» деп аталады. Себебі мұнда жыртқыш аңдардың ең қауіпті түрлері мекендейді.
Вальдив орманы.
Оңтүстік Американың жағалауында орналасқан Вальдив –жауыны мөлшері көп, Чили мен Аргентина аумағына еніп жатқан алып орман алқабы. Орманның аумағы шамамен алғанда 248,100 кв2. Орман алқабында негізінен бамбук ағаштары өседі. Сонымен қатар қара ағаш түлері мен қарағайлар да бар. Соңғы кездері орманның аумағы тарылып келеді. Себеп, адамдардың күн сайын қажеттілік үшін отап тастауы осының дәлелі.
Эмас ұлттық паркі.
Эмас ұлтты паркі – өсімдіктер мен жануарларға толы, ЮНЕСКО-ның бекітуімен ең ежелгі тропикалық орман есебіндегі алып алқап. Орман Гойас және Мату-Грос штаттарының ортасында, Бразилияның орталық-батысында орналасқан. Орман көптеген ауыл-шаруашылығын қажетті плантациялармен қоршалған.
Монтеверде орманы. Коста-Рика
Бұл орман – әлемдегі ең үлкен әрі саяхатшыларға арналған ең қолайлы Коста-Рикада орналасқан алып орман алқабы. Орман атауына сай Монтеверде елді-мекенінде орналасқан. Испан тілінен аударған кездегі мағынасы «жасыл тау» деп аталады. Бұл орман отызға жуық колибр құсының түрі мен жүзге тарта ұсақ жәндіктер, төрт жүзге тарта жалпы құс түрінің отаны.
Кинабалу ұлттық паркі
Ұлттық парк статусындағы Кинабалу – Малайзиядағы ең алғашқы 1964 жылы ашылған парктердің бірі және алып орман алқабы. Кинабалу орманы Борнео-Кинабалу жанартау ошағын қоршап жатыр. Аталған орман 2000 жылы ЮНЕСКО-ның қаулысымен алып ормандар қатарына жатты. Себебі, онда төрт мың бес жүзге тарта өсімдіктер мен жан-жануарлардың түрі кездеседі. Бес жүзге тарта құстардың түрі де бар.
М. Ақан