187 жылдық тарихы бар әлемдегі ең қымбат үй сатуға қойылды. Жалпы аумағы 1672 шаршы метр немесе 14 гектар жері бар бұл мекен Villa Les Cedres деп аталады. Сәнді сарайды сатуға осы уақытқа дейін иелік етіп келген Grand Marnier қойды. Бағасы 411 миллион доллар. Ғимаратты 1830 жылы салған. 1850 жылы айналасындағы жерлермен қосып сатып алған мэр зәйтүн өндірумен айналысқан. 1904 жылы сарай Бельгия патшасы Леопольд II иелігіне өткен. Үйде банкеттер залы, 14 жатын орын, жасанды көл мен үлкен атқора бар. Бұл жерде әлемдегі ең жақсы бақтардың бірі бар 15 мың түп ағаш пен тропикалық өсімдіктер өсіретін 20 жылыжай орналасқан. Оны сатып алған адам атақты сазгер Эндрю Ллойд Уэббер мен Microsoft компаниясының негізін салушылардың бірі Пол Алленмен көрші болады. Үйдегі интерьер оның бағасын асырып тұр: үлкен кристалды боулинг, француз есіктері мен XIX ғасырдың портреттері, әр түрлі, жиегі сәнделген қабырғадан төбеге дейінгі бай рамалар.Ал, арнайы ағаштан жасалған кітапханада ботаника және табиғат, өсімдікке қатысты 3 мыңнан астам кітап бар. Сонымен бірге кітапханада 1640 жылдары шыққан бағасы бірнеше жүз мыңдық кітаптар да бар. Қақпа алдында пальмалармен, балқарағайлармен қоршалған ұзын орам жолы бар. Ал кіреберісте мәрмәр сақшысы - туникада Афинаның мүсіні тұр.Бас бағбан Марк Тейсьенің айтуынша, бұл бақшаларда Гран Марниердің атақты дәмін беретін ащы апельсиндер жиналған.