Әлемдегі ең кішкентай үйдің көлемі 1 шаршы метрді құрайды. Оны Ван Бо Ле-Менцель атты архитектор жасаған. Үй 2012 жылы жаз мезгілінде Берлин қаласында ел назарына ұсынылған.
Үйдің көлемі шағын болғанымен, өте қолайлы. Кез келген адам үйді шабадан секілді арқалап жүре алады. Себебі үйдің астыңғы бөлігінде кішкентай дөңгелектер бар. Салмағы – 40 келі. Ал оны құрастыру 12 сағат уақытты қажет етеді. Үй шағын болғандықтан, көлік жүксалғышына оңай сыйып кетеді.
Ли Ван Бо өз сөзінің бірінде: «Біздің әрқайсысымыз баспаналы болуға құқылымыз. Өкінішке орай қазіргі заманда кез келген адамның өз үйін қалаған жеріне тұрғызуға мүмкіндігі бола бермейді. Сол себептен менің бұл айтулы жобам барлық адамға бір шаршы метр болса да еркіндіктің дәмін татуға жағдай жасайды»,- дейді.
Бұл үйді көлденең жатқызсаңыз, төсек-орын салып түнеп шығуға болады. Ал ұйықтар алдында жарықты қосып, кітап оқи аласыз. Үйде жарық сөндіргіштер орнатылған.
Мұндай үйді Берлин қаласында жалға алуға болады. Оның 1 күндік төлемақысы - 1 еуро. Бұндай жайлылықты көбіне қымбат үйлерге мүмкіндігі жоқ туристер тұтынады екен. Осыған байланысты Германияда кішкентай үйді 4 ай бойы жалға алып, өмір сүрген әйел де болыпты.
Оқи отырыңыз:
Жануарлар арасындағы бауырмалдық
Жалғыз жолаушыға бола ұшқан жалғыз ұшақ
750 жылдық ағашты өртеген кісі 10 жылға сотталады
Клайв есімді жігіттің есте сақтау қабілеті небәрі 30 секунд
Сурет: guinness-records.info