- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Әлемдегі ең кедей...
Әлемдегі ең кедей президент қызметінен кетеді
Сенбі күні тарихқа «ең кедей президент» ретінде енетін Уругвай басшысы Хосе Мухикидің мандаты мерзімі аяқталады, деп хабарлады inform.kz Росбалт агенттігіне сілтеме жасап.
Конституцияға сәйкес мемлекет басшысының екінші мерзімге қатарынан дауысқа түсуіне құқығы жоқ. Уругвайда өткен сайлаудың нәтижесімен 2015 жылғы 1 наурызда елдің бұрынғы президенті, 74 жастағы онколог-дәрігер Табаре Васкес 4 жылғы үзілістен кейін билікке оралады.
Дегенмен, Мухики саяси сахнадан кетпейді, ол сенатор лауазымына жайғасады, деп жазады ТАСС.
Уругвайдың қызметінен кетіп бара жатқан көшбасшысы бұрын 1960-1970 жылдары режиммен күресте лаңкестік, банктерді тонау, кепілдіктер алу сияқты күрестің қарулы әдістерін пайдаланған Tupamaros тобының қатысушысы ретінде танымал. Әскерлермен қақтығыста Мухики алты рет жараланды, тұтқынға алынды, азаптаулардан өтіп, жалпы алғанда 14 жылдан астам уақыт бойы түрмеде отырды. 1985 жылы наурызда саяси тұтқындарға кешірім жарияланғаннан кейін билікті күшпен басып алуды қолдану қате екенін түсінген жағдайда бостандыққа шықты.
Хосе Мухикиді баспасөз «әлемдегі ең кедей президент» деп атады. Ол қарапайым киінгенді қолай көреді, еңбекақысының едәуір бөлігін қайырымдылыққа береді және қала сыртындағы қарапайым үйде тұрады.
сурет: pixanews.com
Е. Қайрахан