«Petroleum Geo-Services» компаниясының «Ramform Titan» кемесі әлемдегі ең ерекше су көлігі саналады. Негізінен бұл кеме сейсмобақылау жасауға арнайы құрастырылған.
Кеме теңізде тіркеу арқандары арқылы 12 мың шаршы шақырымдық сейсмоқұрылғыларды сүйретеді. Артқы бөлігінде 24 сейсмикалық барабан және өзге де құрылғылар орналасқан. Кеме бірден бағытын өзгерте алмайды. Ол үшін оған бірнеше шақырым қажет.
Айта кетейік, бірнеше жыл бұрын әлемдегі тағы бір ең ерекше кемені Калифорния университетінің зерттеушілер жасап шығып, «Флип деген атау берген болатын. Ол кеме мұхитта еркін аударылуға ыңғайлы болып жасалған еді.