Қытайда әлемдегі алғаш жерасты қонақүйінің құрылысы аяқталды. 18 қабатты InterContinental Shanghai Wonderland қонақүйі 90 метр тереңдіктегі ескі карьер орнына тұрғызылған. 16 қабаты толықтай жер астында орналасса, қалған екеуі су астында екен. 336 бөлменің терезесі үңгірге қарайды. Су астындағы қабаттарда орналасқан бөлмелер арнайы аквариумдармен жабдықталған. Бұл су асты өмірін тамашалауға мүмкіндік береді. Отель территориясында бассейн, бар, спа-орталық сынды түрлі қызмет көрсетіледіжәне каякинг, альпинизм сынды спорт түрлерімен шұғылдану мүмкіндігі бар. Жобаны жүзеге асыруға Мартин Йохма есімді британиялық архитектор еңбек сіңірген. Бұл архитектор ұлы архитектура өнерінің ең озық үлгісін көрсетіп отыр, - деді Atkins архитектура және дизайн компаниясының басшысы Бертиль де Клейнен.