Өміріңізде бір рет болсын үлкен тостақтан ас жеп көрдіңіз бе? «Жоқ, көрген де емеспін» десеңіз, үлкен көлемде көпшілік боп жасап, Гиннес Рекордтар кітабына енген біршама мәзір бар екен. Олай болса, әлем мәзіріндегі «алып» тағамдармен таныс болыңыздар.
10. Әлемдегі ең үлкен балмұздақ
Былтыр Висконсин штатының (АҚШ) Седарберг қаласында, дәстүрлі құлпынай фестивалінде әлемдегі ең үлкен балмұздақ жасалған. Бұл балмұздақтың иесі – «Kemps Diary» компаниясы. Гиннес Рекордтар кітабына енген балмұздақтың жалпы салмағы 1365 кг-ды құраған. Барлық балмұздақ 733 контейнер ыдыстарға салынған. Бір қызығы, балмұздақтың сыртын әрлеу үшін қардан мүсін жасайтын арнайы бес мүсіншіні шақырған екен.
9. Жержаңғақ майы салынған ең үлкен тәрелке
Вермонте штатындағы (АҚШ) кондитерлік дүкеннің қожайыны Ник Монтенің ойына керемет мәзір қылаң береді. Ол бұл ойын 2013 жылы жүзеге асырады. 104 кг шоколад пен жержаңғақ майын араластырып, диаметрі 1,5 метр болатын тәрелкеге құяды. Сөйтіп, бұл мәзір әлемдегі ең үлкен шоколад пастасы құйылған тәрелке ретінде тарихта жазылды.
8. Әлемдегі ең үлкен вафли
Бұл вафлиді жасаушылар – нидерландық Stichting Gouda Oogst компаниясы. Салмағы 50 кг тұратын вафлидің диаметрі 2,47 метрді құраған. Оны жасау үшін 60 кг қамыр мен 15 кг шәрбат қолданған. Алып вафлиді үш тонналық табада пісірген. Қала мэрі ең алғаш тәтті вафлиден дәм татқан соң, 3000 тілім вафли таңқалған көрермендерге таратылған екен.
7. Ең үлкен шоколад тиыны
Әлемдегі ең үлкен шоколадты тиынның салмағы 658 килограммды құраған. Оны ең алғаш 2012 жылы Италияның Болонья қаласында BF Servizi SRL компаниясы ұйымдастырған Ciocco Show Exhibition көрмесінде жариялаған екен.
6. Ең үлкен хот-дог
Америкалық хот-дог тез дайындалатын тағамдар арасында әлемде бірінші орында тұр. Ал 2011 жылы Дэн Эббет есімді азамат көлемі жөнінен хот-догтар арасында бірінші орын алатын ең үлкен хот-дог жасаған. Және оның еңбегі Гиннес Рекордтар кітабына енген. Хот-догтың салмағы – 3,18 кг, ұзындығы – 41 см, ал диаметрі – 10 см-ді құраған. Ал егер, алып хот-догтың дәмін көремін десеңіз, 40 АҚШ долларына сатып ала аласыз.
5. Ең үлкен пицца
2012 жылы «Әлемдегі ең үлкен пицца» атағын италиялықтар иемденген. Алғашқы рекорд 22 жыл бойы Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген екен. Диаметрі 40 метрді құрайтын «Маргарита» пиццасының құрамына 9 тонна ұн пайдаланылған. Қамырдан бөлек, 4536 кг қызанақ соусы, 3992 кг моцарелла ірімшігі, 675 кг маргарин, 250 кг тұз, 100 кг салат жапырағы мен 25 кг сірке суы қосылған. Рекорд тіркелген кейін пиццаны бірнеше бөліктерге бөліп, Римдегі жетімдер және қарттар үйіне таратқан.
4. Ең үлкен самса
Көкөніс салынған ең үлкен самсаның салмағы – 110,8 кг. Оны 2012 жылы Брэдфорд колледжінің (Ұлыбритания) студенттері «Прашад» ресторанымен бірлесіп пісірген. Үшбұрышты самсаның өлшемі 135 × 85 × 29 см. Ал оның құрамында 60 кг картоп, 25 кг пияз, 15 кг бұршақ, 12 уыс күнзе (кориандр), 300 кг чили бұрышы мен 250 рапс майы бар.
3. Ең ұзын сэндвич
2011 жылы Ливанда 775 адамнан құралған еріктілер тобы әлемдегі ең ұзын сэндвич жасаған. Оның салмағы 557 кг, ал ұзындығы 735 метрді құраған. Оны жасау үшін төрт тәулік кеткен. Бутербродтың нанын төрт бірдей пеште пісірген. Ал оның ішіндегі салмасын жасау үшін тауық еті, салат жапырағы, қызанақ, тұздалған қияр, майонез тұз, сірке суы, қыша, лимон шырыны пайдаланылған.
2. Бокалдан құралған ең биік субұрқақ
Бұл рекорд Бельгияда өткен ең үлкен кеште жасалған. 2008 жылы Люк Броос есімді азамат пен оның командасы бірігіп, 43 680 хрусталь бокалдардан 63 қабатты үлкен субұрқақ құрастырған. Биіктігі мен бокал санына қарап отырып, қанша лирт аққайнар кеткенін есептеудің өзі де қиын шығар.
1. Әлемдегі ең үлкен бешбармақ
Қазақ баласы үшін бұл тағамның орны ерекше екені белгілі. Ал осы бешбармақтың Гиннес Рекордтар кітабына енгені туралы хабарыңыз бар ма? 2011 жылы 16 желтоқсанда еліміздің Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазбренд» қоғамдық қоры бірігіп, ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай елордамыздағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Ең үлкен Бешбармақ әлемнің ең үлкен шатырында» атты шара өткізген. 4 метр ыдысқа салынған бешбармақтың салмағы 300 килограмды құраған екен. Ұлттық тағамнан шараны тамашалауға келген 1000-нан астам адам дәм татқан.
Сурет: bigpicture.ru, vk.com, islamdag.ru