14 қарашада Парижде болған террорлық актілерге байланысты әлемдегі көптеген ғимарат Франция туының түсіне боялды, – деп жазады Tengrinews.kz.
Әлеуметтік желі қолданушылары Twitter және Facebook парақшаларында #Prayers4Paris #ParisAttacks #PrayforParis хэштегтерімен суреттер жариялап жатыр. Франция туы Манхеттенде 2001 жылы қиратылған егіз ғимараттың орнына салынған орында да бейнеленді. Қазір Парижде төтенше жағдай режимі жарияланды.
Сонымен қатар, әлем халқы қалаларындағы Франция елшілігі мен консулдықтарына гүлдер апарып жатыр. Айта кетейік, Париждегі террорлық актілер салдарынан 150-ден аса адам қаза тапты.