Әлем елдерінің бесік жыры

"Бесік жыры"  – тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі және баланы бесікке бөлегенде тынышталуы үшін, ертерек ұйықтауы үшін айтылатын жыр. Бұл – әлемдегі ең тәтті, ең жұмсақ, ең сүйікті әуен. Әлемде бесік жырын айтпайтын халық жоқ десе де болады және бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Тіпті, кейбір елдерде ана өз баласына арнайы бесік жырын шығару керек, ал сәби оны өле-өлгенше жеке әні деп қабылдап, сақтауы керек.
Дәстүрлі бесік жырылары ел арасында ежелден айтылып, әбден қалыпқа түскен, барлық жерде мазмұн желісі мен әуені өзгертілмей орындалатын жырлар. Олар: “Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!” деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұласады. Сонымен қатар ана:
“...Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою-өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
...Құрығыңды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып,
Бақытымызға жан балам.
Бізді бағар ма екенсің?!”
- деген жолдар арқылы іштен шыққан баласына арман-тілегін, мақсат-мұратын жеткізіп, әнмен әлдилеп, әнмен тәрбиелейді.
Бәрі де бесік жырынан басталады емес пе? Дана Абай:
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы, бос қақпай, елең-селең, - деп бекер айтпаса керек. Ендеше, бүгін сіз болып, біз болып, әлемнің бірнеше елінің бесік жырымен танысып көрелік. Ең алдымен, қазақ халқының бесік жыры ретінде төмендегі екі нұсқаны ұсынғымыз келіп отыр.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9fTY0FfPOxY","width":"450","height":"350"});


writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/e-1f_kqnYcA","width":"450","height":"350"});

Француз халқының бесік жыры. Мұнда аспаздың қолына түспесін деген ниетпен балапандарды құтқарған бала туралы айтылады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/t84RMnY-hds","width":"450","height":"350"});

Үнді жұртының бесік жыры.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/q7jxYf7arUk","width":"450","height":"350"});

Түріктердің бесік жыры. Олар "Бала қайдан пайда болады?" деген сауалға жауап іздейді. Оқиғаға көкқұтан мен орамжапырақ қатыстырылған екен.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/1Oni4juO4Qc","width":"450","height":"350"});

Жапон халқының бесік жыры. Мұндағы оқиғалардың көпшілігі аспан әлемінде өтеді.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/mN7lcY0-cuY","width":"450","height":"350"});

Африка халықтарының бесік жыры.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/rfjmCgDtFCM","width":"450","height":"350"});

Украиндардың бесік жыры. "Күн мен Түн сәбиді ұйықтатса не болады?" деген тақырып қозғалады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/Nk3mxDDcFo8","width":"450","height":"350"});

Испан халқының бесік жыры.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/pSeIEo-kS8Q","width":"450","height":"350"});

Неміс халқының бесік жыры. Анасының қызы жылағанын қою үшін барлық нәрсені жасауға даяр екендігі баяндалады.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lbjL7NifNjk","width":"450","height":"350"});

Сізге қандай бесік жыры ұнады?

Жалғасы бар...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: besik.kz

видео: youtube.com