Әлем дәрігерлері бейбітшілік үшін

Бүгін – Ядролық қаруға тыйым салу үшін күрестің бүкіләлемдік күні. Бұл күн адамзат тарихындағы ең жойқын апат Хиросимаға бомба тасталған күннен бастап, «Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы» халықаралық қозғалысы атқару комитетінің шешімі бойынша аталып өтілетін болды.

1945 жылы тамыз айының алтыншы жұлдызында АҚШ ұшқышы Томас Фереби басқарған «Энола Гей» атты Б-29 әскери ұшақ Жапонияның Хиросима қаласына әлемдегі ең бірінші "Малыш" атты атом бомбасын тастады. Тарих беттерін парақтайтын болсақ, осы сұмдықтың американ әскері үшін ешқандай қажеттілігі болмаған. Себебі соғыстың соңына қарай Жапония әскері талқандалып, Тынық мұхиты айдынында АҚШ-қа еш қауіп төндірмеген. Ал бомба тастау үшін Хиросиманы арнайы таңдап алуы қаланың географиялық орналасуы, үш жағынан тау қоршап тұратындығы себеп болған. Бұл 20 килотонналық уран бомбасының өз күшін толық пайдаланып, ажал уын себуіне таптырмайтын нысана еді.

Жарылыстан қаланың елеулі бөлігі қирап, 140 мыңнан аса бейбіт тұрғын қаза тапты, 35000 адам ауыр жарақаттанды, 60000 адам 1945 жылдың соңына дейін ядролық сәуле зардаптарынан көз жұмды. Бұл іске американдықтарды Гарри Трумен былай деп үгіттеді: «Егер Жапониямен осылай күреспесек, соғыс ұзаққа созылады және қаншама америка әскерінің өмірі жұтылады». Ядролық бомбаны ойлап тапқан адамдардың өздері оның зардаптарынан қорқа бастады, сондықтан да оған қарсы түрлі ұйымдар құрылды. 

1945 жылы 9 тамызда Нагасаки қаласына екінші атом бомбасы тасталды. Оның жарылысынан қаланың бөлігі қирап, 75 мыңдай адам қаза тапты, жараланды. 

Алпыс жылдан астам уақыт бойы дәл осы күні сағат 8-ден 15 минут өткенде жапондық Хиросима қаласында бір минут үнсіздік жарияланады. Қолдарын кеуделеріне қойып, бастарын төмен түсірген жас пен кәрі, ана мен бала, ұстаздар мен шенеуніктер 1945 жылдың жан түршігерлік күнін еске алады.

Төмендегі видеоны көріп шығуларыңызды сұраймыз:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/sBgwa26W4bo","width":"425","height":"350"});

Суреттер: b-port.com, str-konsul.ru

Видео: youtube.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева