Атақты гангстер Аль Капоненің аңызға айналған үйі сатылымға шығарылды. 93 Palm деген атаумен танымал сарай Майами мен Палм-Айленд аралының шекарасында орналасқан. Оның құрылысы 1922 жылы жүргізілген екен. Үйдің жалпы ауданы 11 мың шаршы метрді құрайды. Аль Капоненің мекеніне жақында ғана қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Жылжымайтын мүлік $ 15 миллионға бағаланып отыр. Сарайда 7 жатын бөлме мен 5 жуынатын бөлме бар. Терезелерінен көрші жатқан Гибискус аралының көз тартар табиғаты көрінеді. Аулада қонақтарға арналған бөлек үй мен бассейн бар. Қауіпсіздік мақсатында үй 2 метр қорғанмен қоршалған.