- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Акварельмен салынған шедеврлер...
Акварельмен салынған шедеврлер
Сурет өнері - таусылмайтын сөз бен кесек-кесек ойларды талап етпейді. Кей кездері, кей сәттерде ғана өзіндік мінезді қажет қылатын шағы болады. Ол – жеті түнде шарқ ұрып, бөтен әлемге еніп кететін жүрек пен рухани тазалықтың, онымен қоса, тың ізденістердің де көрінісі десек, жалған сөзге ұрынбайтын шығармыз. Нәтижесінде дүниеге келетін сол көркем картиналардың тілін - өнерді, ондағы сезімді ұғына білетін санаулы ғана жан түсінеді.
Акварель - кей адамның мінезі секілді құбылмалы келетін бояу дейді. Ол жұмыс барысында суретші үшін үлкен ыңғайсыздықтар тудырады, онымен қоса, сақталуының өзі де – қиын мәселе. Үлкен жауапкершілік, ой мен идеяның жинақы қалыпта болуын талап етеді.
Ендеше, сізді, шынымен, бөлек әлем мен жұмбақ шексіздікке апарып, ерекше сезімдерге бөлейтін жаңашыл туындылармен таныс болуға шақырамыз.
Фаустино Мартин Гонсалестің алтынмен апталып, шуақ-нұрға бөленген пейзаждары
Испандық акварельші Мартин Гонсалестің жыл мезгілдерінің ауыспалы шақтарын бейнелегенді жаны сүйеді: уақыттың ауысуы, тәуліктердің, не толық жылдардың ауысуы. Оның суреттерінде жарықтық пен тазалық бар. Алабажақ емес, керісінше, қарапайым және шынайы түстерді басымырақ қолданады. Бұл – классикалық сипаттағы акварель: ауыспалы түстер, көңіл-күй мен жан толғанысының салтанат құруы.
Стив Хэнкстың эмоционалды реализмы
Оның көпшілік суреттеріндегі адамдардың бет-ажары анық көрінбей, бейнелері бұлыңғырлау болып берілген. Бір қызығы, картина кейіпкерлері ешқашан жүзіңізге тік қарамайды. Бұның барлығы – іштегі сезімдерді барынша әсерлі қып жеткізіп, әртүрлі кейіпкерлердің жанын тірілтіп, оларды дене мүшелерімен сөйлету.
Анна Армонаның суреттеріндегі түстердің салтанат құруы
Украиналық жас суретші Армонаның түстердің алуан түрлілігіне және түстер әлеміне ғашық екенін байқамау мүмкін емес. Сол себепті, оның пейзаждарын басқа ешнәрсемен салыстырып, шатастыра алмаймыз. Ол өте батыл жазады, осы арқылы
бейнелілік пен дәлдікті айқын көрсете білген. Жан-жаққа шашыраған бүркінділер әр суретке өзгеше жан бітіріп, орман, тоғай, соқпақ, көлдерді ерекше бейнелеуі арқылы ертегілердегі сәні мен салтанаты жарасқан ордаға алып барғандай болады.
Томас Шаллердің үрейлі елестер әлемі
Әйгілші суретші Том Шаллер Нью-Йорктағы жиырма жылдық архитекторлық мансабынан кейін Калифорнияға қоныс аударады. Сөйтіп, алдағы барлық күнін сурет, кескіндеме өнеріне арнайды. Бүгінгі таңда ол – суреттегі архитектуралық-пейзаж бағытының ең танымал өкілі.
Тьерри Дювальдың акварельдік саяхаты
Көрікті Париж шаһарында дүниеге келген Дюваль әлемді шарлап, біраз жылдар бойы саяхаттаған. Оның суреттерінде көптеген «геграфиялық нышандардың» көрініс беруі де осыдан шығар. Дегенмен Париж - автордың ең сүйікті мекені болып қала бермек. Көпшілік туындылары сол «ғашықтар қаласына» арналып салынған. Оның, жеке өзінің - акварельді қат-қабат қылып түсіру техникасы да бар.
Станислав Золадзаның «гипперализмдік магиясы»
Гиппералист Станислав 1952 жылы Польша қаласында дүниеге келген. Ол – Краков көркем-өнер академиясында тәлім алған және сурет әлемінің қыр-сырымен жете танысқан. Кішкентайынан акварельді ғана пайдаланған арманшыл бала - жылдар бойғы қажырлы еңбегінің арқасында шеберлігін шыңдай түседі. Оның жұмыстарында табиғат мен жарықтың көріністері басымырақ. Ол маңдарда адамның бар екенін тек айналадағы қисайған үйлер, ескі қайықтар мен тасталған тракторлардан байқай аламыз.
Бернхард Фогельдің «биші қалалары»
Аустриялық қылқалам шебері Бернхард Фогельдің стилистикасын анық жеткізетін сөз – еркіндік. Оның қалалық пейзаждарындағы мән беретін басты нәрсе – көркемдіктің жеткізілуінің шынайылығы емес, көңіл-күйдің бүтіндігі, қалыптылығы және дәлдікпен астасқан бейнелілігі. Суретші – таза, өзіндік болмысымен жұмыс жасағанда ғана шабыттанады. Оның ойынша, керемет пейзаждарды ыңғайлы, жайлы шеберхандағы фото-суреттер мен эскиздерге қарап дүниеге әкелуге болады.
Жолдаған: Айбол Исламғали
Сурет: adme.ru
Н. Айдархан