Ақтөбеде қаланың 147 жылдығына орай домбыра кескініндегі ескерткіш пайда болды. Бұл − қаладағы ұлттық музыкалық аспапты дәріптеуге арналған алғашқы ескерткіш. Жоба авторы Қуатбек Есжановтың айтуынша, ескерткішті жасауға үш айдан астам уақыт кеткен.
Шебердің айтуынша, алты метрлік домбыра толықтай темірден жасалған, ал ішіне темір шыбықтар орнатылыпты. Аспаптың сырты литиймен қапталған. Ескерткішті жасау кезінде автор домбыра жасау кездегі барлық талапты мұқият орындаған. Ол ескерткіш орнатылған жер болашақта азаматтар демалуға, түрлі байқау ұйымдастыруға арналған жайлы орынға айналады деп үміттенеді.
Дереккөз: tengrinews.kz