- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- АҚШ-тың бірінші ханымы:...
АҚШ-тың бірінші ханымы: Халық дертіне дауа іздеп Байденді таңдады
Америка Құрама Штаттарының бірінші ханымы Джилл Байден алғаш рет ғасырлық тарихы бар америкалық Vogue мұқабасының кейіпкері атанды. Джилл — ғылым докторы және колледжде оқытушы болып жұмыс істейді. Ол өзінің жұмысын бірінші ханымның міндеттерімен әдемі үйлестіріп жүр. Бірінші ханым бүкіл Американы шарлап, мектептер мен университеттер өмірімен танысады, вакцинация орталықтарына жиі барады және қайырымдылықпен айналысады.
Photographed by Annie Leibovitz, Vogue, August 2021
Ол Байдендер үшін аса маңызды құндылық саналатын, яғни, отбасылық өмірін де кейінге шегермей, жолдасы, балалары мен немерелеріне көңіл бөліп келеді.
Photographed by Annie Leibovitz, Vogue, August 2021
Джилл үшін Ақ үй тансық жер емес. Себебі Барак Обаманың 2008-2016 жылдардағы президенттік кезеңінде Джо АҚШ-тың вице-президенті болып, ол екінші ханым атанған. "Сайлау науқаны кезінде мен адамдардың қатты мазасыз екенін байқадым, оларды үрей билеген еді, - дейді Джилл. - Қазір мен ел аралап жүргенде, адамдар қайтадан тыныс ала бастағандай сезінемін. Менің ойымша, халықтың Джоны таңдауының бір себебі осы болды. Олар дертіне дауа іздеп Байденді таңдады, бұл тек пандемияға қатысты ғана емес (...) Ол өте сабырлы президент. Осыған дейінгілер қалыптастырып кеткен қарқынды бәсеңдеткен тынымды адам".
А. Оралқызы