АҚШ-тың Аспен қаласында қаңғыбас лотереядан 500 мың доллар ұтып алды, − деп хабарлайды KUSA. 60 жастағы Майкл Ингфорс ішімдікке салынғандықтан кәсібінен айырылған. Осыдан кейін оның әйелі кетіп қалады. Ол соңғы 6 жылды көшеде өткізген.
Жанармай құю бекетінен 10 долларға лотерея сатып алғаннан кейін оның өмірі өзгерген. Алғашқы цифрларды өшіргеннен кейін ол қомақты ақша ұтып алғанын түсінеді. Осыдан кейін Ингфорс шіркеуге келіп, онда соңғы рет ұйықтап алған. Үйсіздерге арналған баспананың өкілі ер адамның атпен серуендеп, 20 жылдан бері көрмеген қызына баруды жоспарлап отырғанын айтты. Қазір ол өзіне тиесілі қаражатты алуды күтіп отыр.
Дереккөз: tengrinews