АҚШ-та гаджетманияларға арналған лагерь ашылды

АҚШ-та гаджетманияларға арналған лагерь ашылды

Калифорниядағы Camp Grounded деп аталатын лагерь ережелері қарапайым: ешқандай смартфон, планшет, компьютер және басқа гаджеттер болмауы тиіс. Шын есімді қолдануға да тыйым салынған. Осылайша, адамдар толықтай дерлік оффлайн режимге көшеді.

Лагерь жетекшілері тарапынан технологияларға деген тым қатал әрекет аздап ақылға қонбайтын болып көрінгенімен, дәл осы үшін жүздеген адам аталған лагерьге күн сайын келуде. Желідегі тілдесуден бас тарту арқылы лагерь қонақтары гаджетсіз заманға қайта оралады.

Сүйікті қосымшаларды қолдану мен тегін Wi-Fi-і бар кафелерде отырудың орнына, үлкендер жазғы лагерьде уақытты ойын ойнаумен өткізеді, нақтырақ айтсақ, белсенді ойындар ойнап, дарындылар байқауын өткізеді, жастық шайқасын ұйымдастырады.

Лагерьде мұнымен балалар айналысатыны белгілі, әрине. Дегенмен Camp Grounded бірінші кезекте технологияға тәуелді немесе әрдайым поштасын тексеру мен әлеуметтік желілердегі хаттарға жауап беруден шаршаған ересек адамдарға арналған.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: 929thebull.com

Ж. FM