- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ағылшындар, қытайлар, еуропалықтар...
Ағылшындар, қытайлар, еуропалықтар және қазақтар
Басым көп АҚШ тұрғындарының өмірі:
Туғаннан 10 жасқа дейін: eн далаға тексеру жүргізу сынды әлеуметтік шараларға қатысады.
10-20 жасқа дейін: махаббаттың бал қызығында жүреді, арман қуады.
20-30 аралығында: қарапайым, орнықты жұмыс тауып, тыныш өмір сүреді.
30-40 жасқа дейін: өз мұратын біліп, жатар жайы, көлігі, сайран салар баласы бар тұрмыстан ләззат алады.
40-50 жасқа дейін: үнемі қызмет пен тұрмыстың қысымында жүрмей, көп уақытын демалыспен өткізеді.
50-60 жасқа дейін: дін жолын қуып, тәубесіне келеді. Әлемді аралап саяхат жасайды.
60-70 жасында: өткен өмір елестерін жинақтап, балаларына көрген-білгенін айтады.
70-80 жас аралығында: қалған өмірін қамсыз өткізеді. Көз жұмған соң әлеуметтік зираттан орын алады.
Басым көп еуропалықтардың өмірі:
Туғаннан 10 жасқа дейін: мектептегі оркестрге қатысады, классикалық музыка үйренеді.
10-20 жасқа дейін: өзінің музыкалық оркестрін құрып, әр алуан өнерге ұмтылады.
20-30 жас аралығында: готикалық мәдениеттің ықпалына ұшырайды.
30-40 жасқа дейін: оркестр ресми бағдарсыз жолда жүреді.
40-50 жасқа дейін: балалық шақты еске алып, қайтадан сәнді өмірге ұмтылады.
50-60 жасқа дейін: әр жақтан тұрақтанып, толысып өмір кешеді.
60-70 жас аралығында: Құдайға құлшылық етеді.
70-80 жасқа дейін: ұл-қыздарымен бірге өмірін берекелі өткізеді. Көз жұмғаннан кейін өзі бұйырған топыраққа жатады.
Басым көп қытайлықтардың өмірі:
Туғаннан 10 жасқа дейін: сабақ оқиды. Сабақтан кейінгі уақытта мәжбүрлі түрде түрлі деңгейлік емтихандар береді. Бұл емтихандардың көбі ата-ананың бет-беделі үшін және олардың артқан үміттері үшін болады.
10-20 жасқа дейін: таудай үйілген кітапты оқып, мәңгі бітпейтін емтиханға дайындалады.
20-30 жасқа дейін: түйіндемесін тынбай әртүрлі мекемелерге жіберіп, қызмет табудың әбігерінде жүреді.
30-40 жасқа дейін: баспана алудың, көлік алудың жолында өліп-тіріліп жүреді.
40-50 жасқа дейін: баласының болашағын ойлап, тарта ішіп, ақша жинаудың қамында жүреді.
50-60 жасқа дейін: өз қамын ойлауға кіріскенде, зейнетке шығу уақытының жақындағанын аңғарады. Демалысқа шыққан соң не істеймін деп алаңдайды.
60-70 жасқа дейін: көп уақытын күтінуге жұмсаса да, тағы да немерелерін бағуға тиісті екенін біледі.
70-80 жасқа дейін: ақыры тыныш өмір өткізуге ойысады, өмірден озар алдында жерленуге тиісті жер ақысының өзінің өмір бойы жинаған ақшасынан да көп екенін біледі.
Басым көп қазақтардың өмірі:
Туғаннан 10 жасқа дейін: мектепте оқиды, үйге келіп ата-анасының ең жақсы қолғанаты болады.
10-20 жасқа дейін: университетте сайран салып, Алматы мен Астананың барлық көшелерін жаттап алады.
20-30 жасқа дейін: жұмыс іздеп әр жерге бір бас сұғып, базарды да жағалап, қаланың жалдамалы баспаналары бар аудандарының бәріне тұрып шығады. Үйленеді.
30-40 жасқа дейін: несие алып үй салады, үй салмағаны көлік алады.
40-50 жасқа дейін: бала өсіп, өзі де айналасындағы біраз жұртқа аға боп қалғанын сезіп, байсал тартады.
50-60 жасқа дейін: құда-құдағи болып төре отырып, немерелерінің қызығын көре бастайды.
60-70 жасқа дейін: «Бір немере бір кемпірді өлтірер» дегендей, жас сәбимен алысып, зейнетақысын келесі айға жеткізе алмай әуре боп жүреді.
70-80 жасқа дейін: ауыл ақсақалы болып, той-томалақта бата беріп, енді немеремнің қызығын көрсем деп отырады.
Дайындаған: Сұңқар Ақбоз
Сурет: ivsky.com
M. Auelkhan