- Негізгі бет
- Әлем алақанда
- Ағылшын тіліндегі ең...
Ағылшын тіліндегі ең ұзын 10 сөз
Әр тілдің өзіне тиеселі шүңеті, қиын тұсы, шырқау шыңы бар. Тіл үйренушілер ағылшын тіліндегі ең ұзын 10 сөзді тізіп, олардың қай шығармада кездесетіні, қай жылдардан бастап қолданыста келе жатқаны жайлы айтыпты. Назар салып көрейік.
1. Honorificabilitudinitatibus
Бұл сөз 27 әріптен тұрады. Алғаш Уильям Шекспирдің пьесаларында қолданылған. «Даңқты көтере алмау» деген мағынаны білдіреді.
2. Antidisestablishmentarianism
Бұл сөз 28 әріптен тұрады. Ван Вагнер Уэльс «Ағылшын сөзінің жаңа стандарты» атты еңбектерінде көрсеткен. Бұл сөздің мағынасы “Дін мен мемлекетті бөлу ғылымы”.
3. Floccinaucinihilipipification
Бұл сөз 29 әріптен құралған. «Оксфорд ағылшынша сөздігіне» 1986 жылы енген. «Әдет немесе бірер істің мәні үшін жан беру әрекеті» деген мағына береді.
4. Supercalifragilisticexpiadocious
Бұл сөз 34 әріптен тұрады. “Мәриям поппинс” деп аталатын фильмде қолданылған. “Жақсы” дегенді білдіреді. Жалпы сөздің тұспалы “Айналасын думанға бөлегені соншалық, адамдар сүйіп, гүлдер ашылып, көлік баллоны жарылып қалады”.
5. Hepaticocholecystostcholecystntenterostomy
Бұл сөз 40 әріптен тұрады. «Медициналық сөздікте» қолданылған. Хирургияда қолданылатын операциялық термин. Ішек және жанама өт қабығына қолмен жасалған түтік салуды осылай атайды екен.
6. Pneumonoultramicyoscpicailicovolcanoconiosis
Сөз 45 әріптен тұрады. Кен орындарында істейін жұмысшылардың оңай душар болатын ауруларына қатысты термин. Мағынасы: «Кремни қышқылын ішке сору немесе шаң-тозаңнан өкпенің қабынуы».
7. Antipericatametaanaparcircumvolutiorectumgustpoops
Бұл сөз 50 әріптен тұрады. Француз жазушысы Рабленың әңгімелерінде бар. Кітаптарының бірі осылай аталады.
8. Osseocaynisanguineoviscericartilagininervomedullary
Сөз 51 әріптен тұрады. Адам денесінің құрылымын бейнелейтін сөз. Бұл британиялық жазушы Томас Лав Пикоктың “Тоқтаусыз зал” деп аталатын шығармасында кездеседі.
9. Aequeosalinocalcalinoceraceoaluminosocupreovitriolie
Бұл сөзде 52 әріп бар. Ол британиялық автор Эдвардтың (1675-1737) медицинаға енгізген термині. Англиядағы белгілі бір жердің минералды суының құрамы жайлы айтылған сөз.
10. Bababadalgharaghtakamminarronnkonnbronntonnerronntuonnthunntrovarrhounawnskawntoohoohoordenenthurnuk
Бұл сөз 100 әріптен құралған. Ирландия жазушысы Джеймс Джойстың (1882-1942) «Finneganswake» атты шығармасының бірінші бетіндегі сөз. Бұл Адам ата мен Хауа ананың жерге түсуін бейнелейтін сөз екен.
Сурет: elc.hsmc.edu.hk
M. Auelkhan