Адамзат тарихындағы ең қымбат сәулет туындылары

Адамзат баласы қазір сәулет туындыларын салудан жарысу үстінде. Бірі биіктігін өлшесе, бірі сапасына мән береді. Сіздерге біз жалпы адамзат тарихындағы ең қымбат сәулет туындылары туралы ақпарат беретін боламыз.

Ла-Манш жерасты жолы – 22.4 миллиард долллар 

«Евро жерасты жолы» деп те аталатын Ла-Манш жерасты жолы Ұлыбритания мен Франция елін жалғап жатыр. Аталған сәулет туындысына француздардың және ағылшындардың он бес компаниясы атсалысқан. Жерасты жолын салуға кеткен ақша қоры бастапқы есептен сексен пайызға көп шыққан. Ал аталған жобаны іске асыру 1988 жылы қолға алынып, 1994 жылы қолданысқа берілді. Жерасты жолын салу кезінде он шақты адамның өмірі трагедиялық жағдайда аяқталған. Ла-Манш жерасты жолы үш бағытта салынған: екі темір жол және бір көлікке арналған тас жолы. 

"Big Dig" – 23.1 миллиард доллар

Күрделі жобаға негізделіп қана қоймай, шығыны да қымбатқа шыққан Бостондағы "Big Dig" тас жолы ең қымбат сәулет туындыларының біріне жатады. Бетон плитасы көлік үстіне құлап, тас жолды салу кезінде бір ғана қайғылы жағдай орын алған. Аталған жоба өз уақытынан он жылға кешігіп салынған әрі бюджеті де өте көпке шыққан. 

Кансай халықаралық әуежайы – 29 миллиард доллар


Миллиардтаған долларға салынған Кансай әуежайы Жапонияның жасанды аралында орналасқан. Аталған жоба жер сілкінісіне қарсы арнайы жасанды аралда бой көтерген. Сәулет туындысын салу 1960 жылдары басталған. 2012 жылы әуежайға екінші бағыттағы жол түсіп қолданысқа қайта берілді.

Калифорния жоғары қарқынды ТЖ магистралі – 33 миллиард доллар


Аталған жоба 2015 жылы қолға алынды. Ал оның аяқталу уақыты - 2029 жыл. Шығыны көп болса да бұл АҚШ президенті Обаманың сайлау алдындағы айтқан жобаларының бірі болмақ және жүзеге асуға міндетті. Жоба басшысы Джефф Моралестің айтуынша жоба көп шығынды талап еткенімен, жаңа технологияның арқасында біз ақшаның көлемін қысқартамыз, - дейді.

Сондго халықаралық кәсіп аймағы – 40 миллиард доллар


Оңтүстік Кореяның Сеул қаласынан сәл ғана алыс салынатын сәулет туындысы өзінің сұлулығымен ерекшеленеді. Аталған жоба «Ақылды қала» атауын алып, барлық жабдықталған құрылғылар дамыған технологияның көмегімен жүзеге аспақ. Халықаралық деңгейдегі сәулет туындысы халықаралық Инчхон әуежайының жанына салынады. Себебі - келетін кәсіпкерлер мен саяхатшылардың назарын бірден аудару үшін. Аталған кәсіп аймағында әлемдегі ең мықты қалалардағы сәулет туындылары үздіктерінің көшірмесі салынады. 

Жалғасы бар...