Адамзат тарихында ең көп сатылған 10 тауар

Адамзат тарихында ең көп сатылған 10 тауар
Фото: www.likeme.kz

1. Coca Cola

Осыдан бір жарым ғасыр бұрын американдық фармацевт Джон Смет Пембертон құрамы судан, қанттан, кока жапырағы мен кола жаңғақтарынан тұратын сусын жасап шығарады. Алғашында сусын емдік дәрі ретінде  тек дәріханаларда ғана сатылатын болған. Бастапқыда бұл бизнес компанияны көп шығынға ұшыратты. Тек ХХ ғасырда ғана кең таралып, соңғы он жылдықта Coca Cola әлемдегі үздік брендтердің және ең көп сатылатын тауарлардың қатарына енді. Статистикалық мәліметтер бойынша 10 адамның 2-і күнде осы сусынды ішеді екен. Coca Cola-ның зияндығы ғылыми тұрғыдан дәлелденсе де, әлем бойынша күніне Coco Cola-ның 1,8 миллиард бөтелкесі сатылады.

2. IPhone смартфоны

Бұл әрбір жаңа түрі шыққан сайын халық арасында үлкен ажиотаж туғызатын тауар. Әлемнің түкпір-түкпірінде IPhone-ның көшірмелері жасалып, түпнұсқасынан едәуір арзан бағада сатылып жатады. Алайда, дәл осы IPhone ғана миллиондардың көңілінен шығады. 2007 жылдан бері Apple-дің 516 миллионнан астам смартфоны сатылған.

 3. Рубиктің кубигі

Венгриялық архитектор Эрне Рубик 1974 жылы Будапеште өзі ойлап тапқан “Магиялық кубигінің” прототипін жасап шығады. 1980 жылы америкалық Seven Towns атты компания осы ойыншықты өндіру құқығын сатып алып, “Рубиктің кубигі” деген атпен шығара бастайды.  Бүкіл әлемді жаулап алған бұл басқатырғыштың 1980 жылдан бері 350 миллион данасы сатылған. Бұл ойыншық ойлап табылған Венгрия мемлекетінің халық санынан 35 есе артық.

4. “Гарри Поттер” кітабы

Үй шаруасымен айналысатын американдық Джоан Роулингтің сиқыршы бала туралы сериялық романы 1990 жылы “Гарри Поттер и философский камень” атымен басылып шығады. Бұл роман Джоанды әлемдегі қаламақысы ең жоғары авторға айналдырды. Серияның “Гарри Поттер и Дары смерти” атты соңғы бөлімінің бір күнде 11 млн данасы сатылса, жалпы 1997 жылдан бастап 470 миллионы сатылған.

5. Майкл Джексонның “Триллер” альбомы

Поп музыканың королі саналатын Майкл Джексонның бұл альбомы - әлемдегі ең көп сатылған музыкалық альбом және ол бұл дәрежеге бір ғана жылдың ішінде жеткен. Осы альбомы үшін Майкл 1984 жылы Америкалық дыбыс жазу академисы “Грэмми” сыйлығына 8 рет ие болған. “Триллердегі” 7 ән Billboard журналының нұсқасы бойынша хит әндердің алғашқы ондығына кірген. Альбомның 120 млн данасы сатылған.

6. Lay’s қуырылған картобы

ХХ ғасырдың ортасында американдық Герман В. Лэй картоптан жасалған чипстарын аз мөлшерде және аса танымал емес атпен сатып жүреді. Он жылдан кейін өз маркасын ойлап тауып, өз талғамымен чипстарының сапасын жоғарылатады. Бүгінде жылына Lay’s-тің 633 млн қаптамасы сатылады.

7. PlayStation

90-шы жылдардың ортасында әлем балалары екі үлкен топқа бөлінетін болған: PlayStation-ні барлар және оны армандайтындар. Танымалдылық тұрғысынан Sony компаниясының бұл ойын құрылғыларын әлі күнге дейін ешқандай ойын аппараттары баса алмай келеді. Казіргі таңда PlayStation-ге деген қызығушылықтың төмендегені рас. Дегенмен, PlayStation-нің 1995 жылдан бері 344 млн данасы сатылған және бұл рекордты ешбір жаңа ойын аналогтары жаңарта алмауда.

8. iPad

2010 жылдың сәуір айында Apple компаниясы өздерінің алғашқы планшеттік компьютерлері iPad-ты сатылымға шығарды. iPad бірден бестселлерге айналды және планшеттік компьютерлер арасындағы қаржылай ең сәтті шыққаны да осы болды. 2010 жылдан бері әлемде 211 млн планшет өз иесін тапқан. Ғалымдар егер осы планшеттерді біріктіріп, жерді айналдыра орап шықса, ұзындығы жерден асып кетер еді деген қызықты мәлімет келтіреді.

9. “Марио” видео ойыны

Марио атты кейіпкер 1981 жылы Донки Конгтың рейтингті сериалында бой көрсеткен. Сол уақыттан бері итальяндық су құбырын жөндейтін адамның образы оннан астам өнімде бейнеленген және олардың әрқайсысының сатылымы 1 миллионнан асып түседі. Солардың арасындағы ең танымалы - Super Mario ойыны. Оның 275 млн көшірмесі сатылған.

10. Toyota Corolla көлігі

Бұл көліктің нарықта жүргеніне 50 жылдай болды. Осы уақыт аралығында атақты маркалы автомобильдің 11 моделі жасалған. Пайда болғалы бері Toyota 40 секундта 1 Corolla автокөлігін сатады.  1966 жылдан бастап есептесе әлемде 40 млн 700 мың Toyota Corolla көлігі сатылған. Бұл көлік туралы да ғалымдар егер барлығын тізіп қойса, онда тізбек Нью-Йорктен Лос-Анжелеске дейін 48 рет барып, қайта оралғанға дейінгі ұзындықты алатын еді деген қызықты ақпарат келтірген.

www.likeme.kz

А. Оралқызы