Әдетте, адам жануарды әр түрлі қауіп-қатерден құтқарады. Бірақ адам өмірін арашалап қалған хайуандар туралы не ойлайсыздар?
Орландо есімді жетектеуші ит
Орландо – көзі соқыр жандарды жетектейтін төбет ит. Иттің жетектеуші болып қызмет етіп жүргеніне 11 жылдан асқан. Ит зейнетке шығар шағында өз иесін ажалдан аман сақтап қалады. Иттің егесі Сесил Уильямс метро темір жолына абайсызда құлап түседі. Ал ит болса, егесін құтқаруға асығып, темір жол торабына жөнеледі. Сөйтіп Орландо егесін дер кезінде өлімнен құтқарқан.
Вэнси тотықұсы
Бірде тонаушы тотықұс қожайынын тонамақ мақсатпен қылқындырмақшы болады. Алайда осы сәтте тотықұс Рэйчел Манчиноның иығында отырған. Вэнси тонаушыны тұмсығымен біраз шұқып, қанаттарымен соққылайды. Ал тонаушы болса, қорыққанынан безіп, көзден таса болған.
Адам өмірін құтқарған дельфин
Адам Уокер есімді жүзгіш Жаңа Зеландия жағалауында жүзіп жүрген болатын. Бірде ол суда көлемі екі метр болатын акуланы байқайды. Жүзгіш абыржып, не істерін білмей сасқалақап тұрып қалған тұсында жанынан бір топ дельфиннің көмекке келе жатқанын көреді. Ал акула жүзгішке шабуылдамақ түгіл, қарасын көрсетпеген. Ең қызығы дельфиндер жүзгішті жағаға жеткенін күткен.
Оқи отырыңыз:
Оригами өнерінің үздік туындылары
Арал-көпір туралы бұрын-соңды естідіңіз бе?
Қытай мен Гонконгты жалғаған ерекше көпір
Ақылды бала мен талантты баланың айырмашылығы
Сурет: luxoeostentacao.com