Адам миына қатысты 30 қызықты дерек

Мидың функциясын б.з.д. 400 жылы мысырлықтар мен гректер зерттеген. Қазіргі таңда мидың маңыздылығын барлығы түсінеді, бірақ ол туралы нақты біліміміз аз. 

1. Алдыңғы мида ауыртпалық рецепторлар болмайды, сондықтан ми ауыртпалықты сезбейді.

2. Ми адам мүшесінің ең майлы жері, мүшенің 60% майын құрайды.

3. Жүктіліктің ерте кезеңінде нейрондар минутына 250000 жылдамдықпен дамиды.

4. Ақылдылық қызметіне жауап ретінде адамдар өмір бойы жаңа нейрондарды жасап шығарады.

5. Алкоголь нейрондардың арасын жалғайтын процеске кедергі жасайды

6. Биіктік адамға көптеген қызықты көруге мүмкіндік береді. Мысалы, Мұхаммедке (с.ғ.с.) Хира тауында періште көрінеді. Осыған ұқсас жәйттерді альпинистер де мойындайды, бірақ бұл аңыз сияқты бірдеңе. Көптеген әсерлер миға оттегінің жетіспеушілігінен болады. 8000 фундттан жоғары көтерілген альпинистердің сөзіне сүйенсек, олар көрінбейтін серіктерді, өздерінен жарық шығатынын, тағы бір басқа денені көретінін айтады.

7. Дауыстап оқу, кішкентай баламен ұзақ сөйлесу мидың дамуына әсерін тигізеді.

8. Әр түрлі нейрондарға байланысты ақпараттар әр түрлі беріледі. Барлық нейрондар бірдей емес. Денедегі нейрондардың типіне байланысты ақпараттардың  ең баяуы 0,5 м/сек , ал жылдамы 120 м/сек болуы мүмкін.

9. Қуану, қорқу, бақыт, ұялу деген сезімдер адамға туа бітеді, тек тәрбие оны ары қарай қалай дамытатындығын көрсетеді.

10. Мидың сол жақ бөлігі оң жақ денені, мидың оң жақ бөлігі сол жақ денені басқарады.

11. Бес жасқа дейін екі тіл білген баланың ми құрылысы өзгеріп, кейін ондағы сұр зат тығыз болады.

12. Ақпарат ақырын 0,5 м/сек немесе жылдам 120 м/сек өңделе алады (шамамен 268 км/сағ).

13. Сергектік арқылы сіздің миыңыз 10-н 23 Вт энергия бөледі, бұл деген бір шамды қуаттандыруға тең

14. Мидың әр бөлігінің өз функциялары бар

15. Нью-Йорктегі миллион студенттерді түскі ас кезінде консервантсыз, бояғышсыз, хош иістендіргішсіз тамақпен тамақтандырғанда, олар зерттеуге қатыспаған студенттерге қарағанда IQ 14%-ға жоғары нәтиже көрсетті.

16. Көп жылдар бойы ғалымдар құлақтағы шуды құлақтың механикалық функциясына байланысты деп ойлап келген, алайда ол мидың функциясына байланысты екен.

17. Әр кез сіздер жаңа ойды ойластырғанда, миыңызға жаңа іске қосасыз.

18. Хош иіс арқылы сақталатын естелік ең мықты эмоциялық байланыс болып табылады

19. Біз жыпылықтаған сайын, миымыз жұмыс істеп, заттарды жарық етіп ұстайды. Сол арқылы біз жыпылықтаған сайын әлем жарықтана түседі. (күніне, шамамен, 20 000 рет)

20. Күлкі оп-оңай шаруа емес, адам күлген кезде мидың бес бөлігі қозғалады.

21. Адамның ойына келетін ойлардың орташа саны 70 000

22. Неліктен ұйықтаймыз? Бірінші, физикалық, екінші психикалық. Кейбір зерттеулерге сүйенсек, ұйқы біздің қажет емес ойларымызды тазартады.

23. Гипоталамус, алдыңғы мидың бөлігі, термостат сияқты температураны реттейді. Гипоталамус сіздің денеңіздің қалыпты температурасы қанша болу керектігін біледі (98,6 Фаренгейт, 37 Цельсий бойынша). Егер денеңізге тым ыстық болса, гипоталамус оны терлеу арқылы көрсетеді. Егер сізге суық болса, ол діріл арқылы білдіреді. Терлеу және мұздау арқылы дене температураны реттейді.

24. Күніне 85000 ми қабығының нейронары мида жоғалып кетеді. Қуанышқа орай, бұл - білінбейтін залал.

25. Зияткерлік қабілеттілік кезінде мидың көлемі мен салмағы бірдей болмайды. Мысалы, Эйнштейннің миы 1230 грамм болған, тіпті адамның орташа миынан да жеңіл.

26. Тірі ми өте жұмсақ болып келеді, тіпті оны ас үйге арналған пышақпен де кесуге болады.

27. Мида 100 000 миль қан таситын қан тамырлар бар.

28. Лондонның барлық көшелерін білетін жүргізушілердің гиппокампі үлкен болады. Зерттеу көрсеткендей, ақпаратты көп жаттайтын адамдар миының бір бөлігі өсе береді екен.

29. Ми оттегісіз 4-6 минут өмір сүре алады, содан кейін өле бастайды. Егер оттегі 10 минут жетіспеген жағдайда, мидың ауыр зақымдалуына әкеледі.

30. Біздің миымыз бізді жиі алдайды. Ол заттарды шындыққа сай емес, басқаша қабылдай алады.

bilim-all.kz