Испаниялық Zara масс-маркет-бренді толықтай эко материалдарға көшетінін хабарлады. Марка басшылығы Жер шарында орын алып жатқан экологиялық мәселелердің шешімін табу жолында жасалған қадам оң нәтижесін береріне үміттенеді.
Қазіргі уақытта аталған бренд өнімдерінің 20%-ы ғана экологиялық маталардан жасалған, бірақ 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 100%-ға жететін болады. Бұл мәселеге қатысты марка жаңа директорлар кеңесін құрды.
Бұл экологиялық өзгерістерге мән беріп отырған алғашқы масс-маркет-бренд емес. Осыған дейін Uniqlo өндірісте пластик пайдалануды тоқтататынын хабарлаған болатын. Жапониялық бренд қыркүйек айынан бастап қағаздан жасалған пакеттер тұтынбақ.