Zara бренді толықтай эко материалдарға көшеді

Zara бренді толықтай эко материалдарға көшеді
Фото: vk.com

Испаниялық Zara масс-маркет-бренді толықтай эко материалдарға көшетінін хабарлады. Марка басшылығы Жер шарында орын алып жатқан экологиялық мәселелердің шешімін табу жолында жасалған қадам оң нәтижесін береріне үміттенеді.

Қазіргі уақытта аталған бренд өнімдерінің 20%-ы ғана экологиялық маталардан жасалған, бірақ 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 100%-ға жететін болады. Бұл мәселеге қатысты марка жаңа директорлар кеңесін құрды.  

Бұл экологиялық өзгерістерге мән беріп отырған алғашқы масс-маркет-бренд емес. Осыған дейін Uniqlo өндірісте пластик пайдалануды тоқтататынын хабарлаған болатын.  Жапониялық бренд қыркүйек айынан бастап қағаздан жасалған пакеттер тұтынбақ.

А. Оралқызы