Сәрсенбі күні 3%-дан артық төмендеген мұнай бағасы бейсенбіде аздап өсті, - деп хабарлайды Bnews.kz.
Лондонның ICE Futures биржасында Мәскеу уақытымен сағат 08:43-те Brent мұнайының қыркүйек айының фьючерстері 0,14%-ға, барреліне 56,05 долларға дейін арзандады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI мұнайының қыркүйек айындағы фьючерстері 0,14%-ға, барреліне 49,26 долларға дейін қымбаттады.
Brent маркалы «қара алтын» әзірге барреліне 56,11 доллар деңгейінде тұр.
АҚШ Энергетика министрлігінің мәліметінше, елде мұнайдың тауарлық қоры өткен апта ішінде 2,47 млн баррельге артқан. Bloomberg сауалнамасына қатысқан сарапшылар мұнайдың 2,2 млн баррельге қысқаратынын болжаған еді.