Solar Impulse ұшағы 12 кезеңнен тұратын саяхаттың бірінші кезеңін аяқтады

Күн сәулесі батареясымен қуаттанатын швейцарлық ұшақ жоспарланған уақыттан 1 сағат кеш қонды, – деп жазады khabar.kz.

Техникалық проблемалар мен қолайсыз ауа райына қарамастан, Оман астанасына қонған күн сәулесінен қуаттанатын Solar Impulse 2 швейцарлық ұшағы 12 кезеңінен тұратын шер шарын айналып өту саяхатының бірінші кезеңін сәтті аяқтады.

Шараны ұйымдастырушылардың берген ақпараты бойынша, ұшақ Маската әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 20.15-те келіп қонған.

Жоспар бойынша жер бетін айналып өту саяхаты 5 айға созылады. Осы уақыт ішінде ұшақ 35 мың шақырымды еңсеруі тиіс.

Ұшақты кезекпен қос швейцарлық Андре Боршберг пен Бертран Пикар басқарады.

Ескерте кетейік, бұған дейін швейцариялық зерттеушілердің күн энергиясынан қуат алып ұшатын ұшақпен жер шарын айналып өтпекке бел буғанын айтқан болатынбыз.

сурет: omegawatches.com