Royal Dutch Shell Арктикада бұрғылау жұмыстарын бастамақ

Америка билігі Royal Dutch Shell мұнай компаниясына Арктикада барлау мақсатында бұрғылау жұмыстарын бастауға рұқсат берді, - деп хабарлайды Bnews.kz.

Компания бастапқыда тек беткі қабатты бұрғылай алады, себебі мұнай аққан жағдайда ұңғыманы бітеу үшін барлық қажетті апаттық құрал-жабдықтар жұмыс орнына жеткізілген жоқ.

Алдын ала есептеулерге сәйкес, Алясканың солтүстік-батыс жағалауындағы Чукот теңізі қайраңының астында 15 млрд баррельге жуық мұнай жатыр.

Ал табиғат қорғаумен айналысатын ұйымдардың белсенділері Royal Dutch Shell жоспарларына қарсы шығып отыр. Олар Арктикада ұңғымаларды бұрғылау экологиялық апатқа әкеледі деп дабыл қағып жатыр.